Тараз халқы соңғы Социалистік Еңбек Ерімен қоштасты

Тараз халқы соңғы Социалистік Еңбек Ерімен қоштасты
ашық дереккөз
Тараз халқы соңғы Социалистік Еңбек Ерімен қоштасты

Тараз тұрғындары «үлкен химия» құрылысының аңызы болған Петр Терентьевич Гончаровты ақтық сапарға шығарып салды.

Биыл 14 наурызда Жамбыл облысындағы соңғы Социалистік Еңбек Ері Петр Терентьевич 87 жасқа толған еді. Соғыстан кейін Петр Терентьевич Гончаровтың кәсіби қырлары елеусіз қалған жоқ. 50-жылдары Жамбыл облысында «үлкен химия» қарыштап дами түсті - алпауыт зауыттар ғана емес, зауыт жұмысшыларына арналған баспана, Жамбылдағы (қазіргі Тараз) инфрақұрылым нысандары ғана емес, жазық далада жаңа қалалар (Қаратау мен Жаңатас) тұрғызылды. Мықты құрылысшылар, білікті жұмысшылар мен инженерлер қажет болды. 1953 жылдан бастап, зейнетке шыққанша және зейнеттен кейін де ондаған жылдар бойы Петр Терентьевич «Жамбылхимқұрылыс» СУ-3 трест  құрылысшыларының бригадирі болып еңбек етті. Оның бригадирлігімен үш химиялық зауыт, Қаратаудағы фабрика, Жаңатас қаласындағы нысандар, Тараз қаласында төрт шағынаудан, Химиялық ауылдағы тұрғын үйлер, химиктердің ауруханасы және өзге де әлеуметтік нысандар салынған. Жаңа жамбылдық фосфор зауытының құрылысы үшін Петр Терентьевич Гончаров 1979 жылы Социалистік Еңбек Ері атағын иеленді. «Балға мен орақ» алтын жұлдызын оған Алматыда Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы Дінмұхаммед Қонаев табыстаған. Ардагер Қазақ КСР еңбек сіңірген құрылысшысы, Жамбыл қаласының құрметті азаматы атақтарымен, екі Ленин орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен және ХШЖК қола медалімен марапатталған.

ақпарат көзі: kazinform.kz

Ұқсас жаңалықтар