Бәсекеге қабілетті ел – биік белестерді бағындырады

Бәсекеге қабілетті ел – биік белестерді бағындырады
ашық дереккөз
Бәсекеге қабілетті ел – биік белестерді бағындырады
Сейдахмет Сейтбеков, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы мемлекетті дамытудың басты бағдары. Биылғы Жолдау елімізді Үшінші жаңғыртуға негізделгендіктен, қоғамда үлкен серпіліс туғызып отыр. Экономикалық өсімнің жаңа моделін құру арқылы жаңа жетістіктерге жетуге ұмтылдыратын Бас құжатта – әлеуметтік салаға да баса көңіл бөлінген. Еліміздің өткеніне шолу жасап, келешекте болатын оңды өзгерістерді айқындайтын Елбасы Жолдауы – осындай игі мақсаттардың жаршысы. Биылғы Жолдаудың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталуында үлкен мән бар. Бүгінде әлемді қаржы-экономикалық дағдарыс «қыспаққа» алып тұр. Бірнеше жылға созылған қаржылық қиындықтар өндіріс орындарында жұмысшылардың қысқаруына себеп болды. Олар үшін осындай кезеңде жұмыс орнын сақтап қалудың өзі қиынға соғуда. Көптеген дамыған, дамушы мемлекеттерде қалыптасқан ахуал осы. Ал біздің елімізде тұрғындарды жұмыспен қамтудың барлық тетіктері қарастырылып, қарапайым тұрғындарға шағын несие беру арқылы өз ісімен айналысуына жол ашылуда. Әлемде төртінші өнеркәсіптік революция басталды. Біз бұл үдеріске ілесуге дайын болуымыз керек. Ол үшін қандай шаралар қолданған жөн. Мемлекет басшысы Жолдауда осыны нақтылап көрсетіп берді. Біріншіден, біз экономиканы жаппай цифрландыруға көшуге тиіспіз. Екіншіден, Елбасы міндеттеген Қазақстанның Үшінші жаңғыруының 5 негізгі басымдықтарын жүзеге асыруымыз қажет. Жолдауда Үшінші кешенді міндет – еңбек нарығын жаңғыртуға бағытталып отыр. Елбасымыз: «Жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты дәстүрлі салаларда еңбек ресурстары босап қалатын болады. Сонымен бірге, жаңа индустрия құрып, дамыту жұмыспен қамтудың және азаматтардың нақты табысын өсірудің қосымша мүмкіндігі болуға тиіс» деп Үкіметке, әкімдерге жұмысшыларды сұранысы бар салаға қайта даярлау арқылы жұмысқа орналасуына жағдай жасауды тапсырды. Енді өңіріміздегі жұмыссыз азаматтар мен жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты дәстүрлі салаларда еңбек ресурстары босап қалған жағдайда, олар кешенді жоспар бойынша жұмыспен қамтылатын болады. Аталған жоспар аясында осы жылдың өзінде 25 мыңнан астам адамды жұмысқа тарту көзделіп отыр. Үшінші міндеттің екінші басымдығы – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту арқылы биылдан бастап нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын қолданысқа енгізу. Бағдарлама бойынша алдағы күндері еңбек нарығының қажеттілігіне орай техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау қолға алынады. Еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрлар қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтеді. Ауылда және қалада шағын несие беру ісі кеңейтіліп, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдем беріледі. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру және мамандарды жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құрылатын болады. Аудандық, қалалық жұмыспен қамту орталықтарында жұмыс берушілердің бос жұмыс орындары туралы мәліметтері мен жұмыс іздеушілер дерегі «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде топтастырылып, бірыңғай ақпараттық онлайн-дерекқор қалыптастырылады. Өз кезегінде бұл қадам еңбек нарығындағы қызмет сапасының артуына айтарлықтай септігін тигізеді. Жолдаудағы төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсартуға бағытталған. Бұл Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 84-қадамындағы әлеуметтік көмектің атаулы сипатын күшейте отырып, адам өмірін жақсартудың нақты шаралары әрі қарай жалғастырылады деген сөз. Осы міндетті жүзеге асыру мақсатында енгізілген «Өрлеу» пилоттық бағдарламасы негізінде облыста әлеуметтік көмек жүйесі жаңғыртылады деп күтілуде. Кедейлік шегін 2018 жылдан бастап 40 пайыздан 50 пайызға дейін көтеру міндеттелген. Сондықтан да, биыл республика бойынша пилоттық режімде, келер жылдан бастап заңды түрде көп балалы және аз қамтылған отбасыларға жаңа форматтағы атаулы көмек тағайындау жоспарланбақ. Елбасымыз атап өткендей, біз тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдық даму жолында екі жаңғырту кезеңін өткердік. Алдағы 25 жылда бұдан да биік белестерді бағындыруға тиіспіз. Оған Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық дамудың жаңа моделін құру арқылы қол жеткізе аламыз. Осылайша біз әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылатынымызға сенімдімін. Тараз қаласы.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы мемлекетті дамытудың басты бағдары. Биылғы Жолдау елімізді Үшінші жаңғыртуға негізделгендіктен, қоғамда үлкен серпіліс туғызып отыр. Экономикалық өсімнің жаңа моделін құру арқылы жаңа жетістіктерге жетуге ұмтылдыратын Бас құжатта – әлеуметтік салаға да баса көңіл бөлінген. Еліміздің өткеніне шолу жасап, келешекте болатын оңды өзгерістерді айқындайтын Елбасы Жолдауы – осындай игі мақсаттардың жаршысы. Биылғы Жолдаудың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталуында үлкен мән бар. Бүгінде әлемді қаржы-экономикалық дағдарыс «қыспаққа» алып тұр. Бірнеше жылға созылған қаржылық қиындықтар өндіріс орындарында жұмысшылардың қысқаруына себеп болды. Олар үшін осындай кезеңде жұмыс орнын сақтап қалудың өзі қиынға соғуда. Көптеген дамыған, дамушы мемлекеттерде қалыптасқан ахуал осы. Ал біздің елімізде тұрғындарды жұмыспен қамтудың барлық тетіктері қарастырылып, қарапайым тұрғындарға шағын несие беру арқылы өз ісімен айналысуына жол ашылуда. Әлемде төртінші өнеркәсіптік революция басталды. Біз бұл үдеріске ілесуге дайын болуымыз керек. Ол үшін қандай шаралар қолданған жөн. Мемлекет басшысы Жолдауда осыны нақтылап көрсетіп берді. Біріншіден, біз экономиканы жаппай цифрландыруға көшуге тиіспіз. Екіншіден, Елбасы міндеттеген Қазақстанның Үшінші жаңғыруының 5 негізгі басымдықтарын жүзеге асыруымыз қажет. Жолдауда Үшінші кешенді міндет – еңбек нарығын жаңғыртуға бағытталып отыр. Елбасымыз: «Жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты дәстүрлі салаларда еңбек ресурстары босап қалатын болады. Сонымен бірге, жаңа индустрия құрып, дамыту жұмыспен қамтудың және азаматтардың нақты табысын өсірудің қосымша мүмкіндігі болуға тиіс» деп Үкіметке, әкімдерге жұмысшыларды сұранысы бар салаға қайта даярлау арқылы жұмысқа орналасуына жағдай жасауды тапсырды. Енді өңіріміздегі жұмыссыз азаматтар мен жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты дәстүрлі салаларда еңбек ресурстары босап қалған жағдайда, олар кешенді жоспар бойынша жұмыспен қамтылатын болады. Аталған жоспар аясында осы жылдың өзінде 25 мыңнан астам адамды жұмысқа тарту көзделіп отыр. Үшінші міндеттің екінші басымдығы – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту арқылы биылдан бастап нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын қолданысқа енгізу. Бағдарлама бойынша алдағы күндері еңбек нарығының қажеттілігіне орай техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау қолға алынады. Еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрлар қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтеді. Ауылда және қалада шағын несие беру ісі кеңейтіліп, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдем беріледі. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру және мамандарды жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құрылатын болады. Аудандық, қалалық жұмыспен қамту орталықтарында жұмыс берушілердің бос жұмыс орындары туралы мәліметтері мен жұмыс іздеушілер дерегі «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде топтастырылып, бірыңғай ақпараттық онлайн-дерекқор қалыптастырылады. Өз кезегінде бұл қадам еңбек нарығындағы қызмет сапасының артуына айтарлықтай септігін тигізеді. Жолдаудағы төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсартуға бағытталған. Бұл Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 84-қадамындағы әлеуметтік көмектің атаулы сипатын күшейте отырып, адам өмірін жақсартудың нақты шаралары әрі қарай жалғастырылады деген сөз. Осы міндетті жүзеге асыру мақсатында енгізілген «Өрлеу» пилоттық бағдарламасы негізінде облыста әлеуметтік көмек жүйесі жаңғыртылады деп күтілуде. Кедейлік шегін 2018 жылдан бастап 40 пайыздан 50 пайызға дейін көтеру міндеттелген. Сондықтан да, биыл республика бойынша пилоттық режімде, келер жылдан бастап заңды түрде көп балалы және аз қамтылған отбасыларға жаңа форматтағы атаулы көмек тағайындау жоспарланбақ. Елбасымыз атап өткендей, біз тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдық даму жолында екі жаңғырту кезеңін өткердік. Алдағы 25 жылда бұдан да биік белестерді бағындыруға тиіспіз. Оған Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық дамудың жаңа моделін құру арқылы қол жеткізе аламыз. Осылайша біз әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылатынымызға сенімдімін.

Тараз қаласы.

Ұқсас жаңалықтар