АУЫЛ БОЛСАҢ, ҚАУЫМ БОЛ!

АУЫЛ БОЛСАҢ, ҚАУЫМ БОЛ!
ашық дереккөз
АУЫЛ БОЛСАҢ, ҚАУЫМ БОЛ!

 Ілиясбек ЖУАСБЕКОВ,

еңбек ардагері.

 Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын тек қолдаумен шектелмей, оны жүзеге асыруды ойластыру әрбір азаматтың міндетті парызы екендігі даусыз. Ондағы негізгі бес басымдықтың қай-қайсысын жіктесеңіз де атқарылатын жұмыстардың көп екендігіне көз жеткізесіз. Әсіресе, ауыл халқы үшін агрокешенді жаңғырту мәселесі өте өткір көтерілген.

Шынында да ауыл шаруашылығын қайта құрылымдап, азық-түлік өндіруді өнеркәсіптік жолға қою қажет-ақ. Рас, жекешелендіру саясатынан кейін әркімнің бойында жекеменшіктік психология қалыптасып, ұжымдық көзқарас бәсеңдеді. Бірақ, оның пайдалы және зиянды жақтарын өмірдің өзі көрсетіп берді. Аса ірі компаниялар болмаса, майда шаруашылық құрылымдары өнім өндіруді бір жүйеге қоя алмай келеді. Оның жарқын мысалы, өзім ұзақ жыл еңбек еткен Қаратау ауылдық округіне қарасты Қараой ауылының тыныс-тіршілігінен байқап, көріп отырмыз. Ауылда 70 үйелмен тұрады. Араларында мыңды айдаған бақуатты фермерлер де, бес-он тұяғын талғажау етіп отырғандар да кезігеді. Ауылымыздың жері бай. Мысалы, тек егістің көлемі 2 мың гектардан асып жығылады. Шабындық та жетеді. Азын-аулақ сүтін, құрт-ірімшігін қолы ұзындар Қаратау, Жаңатас қалаларына барып бұлдаған болады. Сенбі күндері малын Таразға апарып сатады. Ал шаруасын күйттей алмай жүргендер, әйтеуір, мемлекеттің жәрдемақысы мен зейнетақысына қарап күндерін өткізуде. Егер, Елбасының ауыл кооперативтерін құру жөніндегі тапсырмасына сай ел біріксе, қордаланған көп мәселенің түйіні шешілер еді деп ойлаймын. Біріншіден, жұмыс іздеп, қалаға, сырт жерге сандалып кететін жастарымыз ауылда қалып, жұмыссыздыққа біршама тосқауыл қойылары анық. Екіншіден, ұмытыла бастаған агроном, мал дәрігері, инженер, зоотехник, тіпті механизаторларға да жұмыс табылмай ма? Мал бордақылау алаңын соғып, еркек мал мен кәрі қойды бордақылап сатса, қып-қызыл пайдаға кенелері тағы белгілі. Сүттерін сүт зауыттарына жөнелтіп, одан түрлі өнім жасап шығармай ма? Қазір көшелерде әркім қалбырға құйылған күмәнді айран, сүттерін сатып, күн көруде. Олардың тазалығын тексеріп жатқан зертхана жоқ. Үшіншіден, кооперативтерге жұмысқа қабылданғандардың еңбек өтілі есептелініп, зейнетке шыққанға дейінгі зейнет жарнасы аударылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға да жарна төлеу мәселесі шешімін таппай ма? Жерге, әсіресе егістік жерді игеруге де ұмтылыс пайда болатыны анық. Қазақ ежелден-ақ «ауыл болсаң, қауым бол!» деген. Қауым – ерікті негізде құрылған кооператив. Демек, жастар тәуекел деп біріксе, ауыл аяғынан қаз тұрады, көркейеді, байиды.

Қараой ауылы, Талас ауданы.

Ілиясбек ЖУАСБЕКОВ,еңбек ардагері. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын тек қолдаумен шектелмей, оны жүзеге асыруды ойластыру әрбір азаматтың міндетті парызы екендігі даусыз. Ондағы негізгі бес басымдықтың қай-қайсысын жіктесеңіз де атқарылатын жұмыстардың көп екендігіне көз жеткізесіз. Әсіресе, ауыл халқы үшін агрокешенді жаңғырту мәселесі  өте  өткір  көтерілген.Шынында да ауыл шаруашылығын қайта құрылымдап, азық-түлік өндіруді өнеркәсіптік жолға қою қажет-ақ. Рас, жекешелендіру саясатынан кейін әркімнің бойында жекеменшіктік  психология қалыптасып, ұжымдық көзқарас бәсеңдеді. Бірақ, оның пайдалы және зиянды жақтарын өмірдің өзі көрсетіп берді. Аса ірі компаниялар болмаса, майда шаруашылық құрылымдары өнім өндіруді бір жүйеге қоя алмай келеді.Оның жарқын мысалы, өзім ұзақ жыл еңбек еткен Қаратау ауылдық округіне қарасты Қараой ауылының тыныс-тіршілігінен байқап, көріп отырмыз. Ауылда 70 үйелмен тұрады. Араларында мыңды айдаған бақуатты фермерлер де, бес-он тұяғын талғажау етіп отырғандар да кезігеді. Ауылымыздың жері бай. Мысалы, тек егістің көлемі 2 мың гектардан  асып жығылады. Шабындық та жетеді.Азын-аулақ сүтін, құрт-ірімшігін қолы ұзындар Қаратау, Жаңатас қалаларына барып бұлдаған болады. Сенбі күндері малын Таразға апарып сатады. Ал шаруасын  күйттей  алмай жүргендер, әйтеуір, мемлекеттің жәрдемақысы мен зейнетақысына қарап күндерін өткізуде.Егер, Елбасының ауыл кооперативтерін құру жөніндегі тапсырмасына сай  ел біріксе, қордаланған көп мәселенің түйіні шешілер еді деп ойлаймын. Біріншіден, жұмыс іздеп, қалаға, сырт жерге сандалып кететін жастарымыз ауылда қалып, жұмыссыздыққа біршама тосқауыл қойылары анық. Екіншіден, ұмытыла бастаған агроном, мал дәрігері, инженер, зоотехник, тіпті механизаторларға да жұмыс табылмай ма? Мал бордақылау алаңын соғып, еркек мал мен кәрі қойды бордақылап сатса, қып-қызыл пайдаға кенелері тағы белгілі. Сүттерін сүт зауыттарына жөнелтіп, одан түрлі өнім жасап шығармай ма? Қазір көшелерде әркім қалбырға құйылған күмәнді айран, сүттерін сатып, күн көруде. Олардың тазалығын тексеріп жатқан зертхана жоқ. Үшіншіден, кооперативтерге жұмысқа қабылданғандардың еңбек өтілі есептелініп, зейнетке шыққанға дейінгі зейнет жарнасы аударылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға да жарна төлеу мәселесі шешімін таппай ма? Жерге, әсіресе егістік жерді игеруге де ұмтылыс пайда болатыны анық.Қазақ ежелден-ақ «ауыл болсаң, қауым бол!» деген. Қауым – ерікті негізде құрылған кооператив. Демек, жастар тәуекел деп біріксе, ауыл аяғынан қаз тұрады, көркейеді, байиды. Қараой ауылы,Талас ауданы.  

Ұқсас жаңалықтар