Тараз қаласындағы «Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығы» спорт кешенінде у-шудан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Оған барлығы 400 спортшы қатысып, күш сынасты. Аталмыш жарыста облысымыздың атынан 47 спортшы өнер көрсетіп, өңір намысын қорғады. Тартысты өткен додада жерлестеріміз жүлделі орындардан көріне алды. Жарыс нәтижесі бойынша 2004-2005 жылдары туылғандар арасында Гафур Сулейманов пен Нұрболат Шарафутдинов І орынды қанжығаларына байласа, 2002-2003 жылғы жасөспірімдерден Шарфутдин Каримов, 1999-2001 жылғы спортшылардан әртүрлі салмақ бойынша Ислам Каримов, Мұса Мабов, Тимур Шарипов, Фарух Жанилов, Альтамидин Айдаров жеңіс тұғырынан көрінді. Осы салмақта қыздар арасынан Дильноза Сализова мен Айман Қаршыға жеңімпаз атанды. Жалпы командалық есепте Алматы қаласы І, Жамбыл облысы ІІ, Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен медальдар табыс етілді.
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




