Ташкентте өтетін жекпе-жекке шығатын боксшылар белгілі болды
Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) қарсылас шыдатпай келе жатқан «Астана арландары» кезекті кездесуін 1 сәуір күні Өзбекстан астанасы – Ташкент қаласында «Өзбек жолбарыстарына» қарсы өткізеді. Осыған орай жекпе-жекте кездесетін қос елдің былғары қолғап шеберлерінің есімі белгілі болды. Атап айтсақ, 49 келідегі боксшымыз Теміртас Жүсіпов – Хасанбой Дусматовпен, 56 келіде Ілияс Сүлейменов – Абдулхай Шарахматовпен, 64 келіде Ділмұрат Миджитов – Ельнур Абдурайымовпен, 75 келіде Сапарбай Айдаров – Исроил Мадримовпен, ал 91 келідегі күрзі жұдырықты арланымыз Антон Пинчук – Зухриддин Махкамовпен қолғап түйістіріп, шаршы алаңда шын мықтының кім екенін дәлелдемек. 31 наурызда салмақ өлшеу рәсімі өтеді деп күтілуде. Осыған дейінгі кездесу-лерінде жеңіске жеткен арланда-рымыз WSB плей-офф кезеңіне жолдаманы уақтынан бұрын еншілеп қойғаны белгілі. Топтағы бесінші кездесуін өткізгелі отырған арландарымыз «Патриот боксинг тим» боксшыларын екі кездесуінде де жеңсе, «Қытай айдаһарларын» да ойсырата ұтқан. Ал «Өзбек жолбарыстарын» Жетісу жеріндегі бірінші кездесуінде 4:1 есебімен тізе бүктірген. Ташкентте өткелі отырған кездесуде де намысқой ұландарымызға зор сенім білдіреміз. Аталмыш бокс кешін сенбі күні Астана уақытымен 17:55-те «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді деп күтілуде. Боксшыларымызға жанкүйер болып, қолдау білдірейік, ағайын!
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




