ОҚО студенттері электр энергиясын 5 есе үнемдейтін шам шығарады
- author «Ақ жол»
- 27 наурыз, 2017
- 302
Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласындағы политехникалық колледж студенттері электр энергиясын үнемдейтін шам құрастыруды қолға алды. Сабақтан тыс уақытта үйірмеден алған білімін ұштастырып жүрген студенттердің ұстазы - Сергей Соловьев. Кентау қаласының тумасы Сергей Соловьев «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ресейде білім алған. Оқуын тәмамдаған жігіт алғашында Байқоңырда жұмыс істегісі келіпті. Туып-өскен өлкеден ұсыныс түскен соң, бас тарта алмаған ол, аталған колледжде оқытушы болады. Қазіргі таңда роботехника үйірмесінің жетекшісі жастардың жаңа технологияға деген қызығушылығы артып келеді дегенді айтты.
«Мен білім алған мектепте техникалық бағытқа басымдық берілген. Оның үстіне өзім де технологияға қызықтым, іздендім. Әрине, менің кезімде мұндай үйірмелер болмаған. Ал қазір үйренемін дегендерге бағыт-бағдар беретін, тәжірибесін шыңдайтын үйірмелер баршылық. Теория жүзінде алған білімдерін тәжірибеде қолданады. Алғаш жасалған шамдар топтамасын еліміздегі «Кентау трансформатор зауыты» қажеттілігіне жарата бастаған. Алдағы уақытта жергілікті билікпен келіссөздер жүргізіп, қаланы жарықтандыру жұмыстарын қолға алсақ дейміз. Егер билік тапсырыс берсе, оны жүзеге асыру қолымыздан келеді», - дейді Сергей.
Дуалды оқу жүйесіне көшкен колледж студенттері теориялық сабақтарды білім ордасы ғимаратында алса, ал тәжірибе сабақтары Кентау трансформатор зауытында өтеді. Бір ерекшелігі, тәжірибе сабақтарынан өтетін студенттерге жалақы төленеді.
«Біз арнайы сабақ кестесін бекітіп қойғанбыз. Сол бойынша тәжірибеден студенттеріміз өтіп жатыр. Жалақылары 30-35 мың теңге көлемінде. Әрине, көп ақша болмағанымен, еңбекке баулиды ғой бастысы», - деді «Болашақ» түлегі.
Шамдарды жоғары курс студенттері жасап шығарып жатыр. Ал төменгі курс студенттері роботехника тәсілдерін жетік меңгеруді қолға алып келеді. Бұл салаға деген қызығушылығы мектеп кезінен оянған 17 жастағы Әділет үйірменің әр сабағында технология саласының бір қырын үйреніп жатқанын алға тартты.
«Роботехника – қызық салалардың бірі ғой. Өзім қатты қызығамын. Мен төменгі курс студенті болғандықтан әзірге шамдарды құрастыру жұмыстарына жете қоймадым. Бірақ шет-жағасын үйреніп жүрмін. Робот құрастырып, оған қажетті бағдарламаларды орнатуды меңгеріп жатырмыз», - деді студент.
Студенттердің қолынан шыққан шамдардың қарапайым шамдардан бір ерекшелігі, электр энергиясын 5 есеге дейін үнемдейді. Сонымен қатар, оларға бес жылға дейін кепілдік беріледі.
Кентау политехникалық колледжінде бүгінгі таңда 500-ге жуық студент білім алып жатыр. Олардың басым көпшілігі мемлекеттік грант иегері. Колледж түлектері 100 пайыз жұмыспен қамтылады. Яғни, жас мамандар «Кентау трансформатор зауыты» жанындағы «Alageum» компаниясына жұмысқа тұра алады. Алдағы оқу жылынан бастап білім ордасында «Жалпыға бірдей тегін кәсіби-техникалық білім беру» бағдарламасы қолданысқа енбек.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді