Спорт және туризм
Муай-тай: Дәулет Отарбаев Таиланд королінің кубогын иеленді
- author «Ақ жол»
- 27 наурыз, 2017
- 712
Муай-тай: Дәулет Отарбаев Таиланд королінің кубогын иеленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық муай-тай шебері Дәулет Отарбаев Таиланд астанасы Пхукет қаласында өткен тай боксынан «Bangla FC» турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Дәулет Отарбаев «Bangla FC» турнирінің финалында қытайлық қарсыласын алғашқы раундта нокаутқа түсірді. Осылайша, тай боксынан әлемдегі ең мәртебелі жарыс саналатын «Thai Fight» турниріне қатысқан Отарбаев чемпион атанды. Ол осыған дейін муай-тайдан еліміз бен Ресейдің бірнеше дүркін чемпионы атанған болатын. Міне, бүгін Таиланд королінің кубогын да ұтып алды. Айта кетейік, әлемдегі муай-тай шеберлерінің басын қосатын бәсекеге Қазақстан атынан тек Дәулет Отарбаев қана барады. Бұрын-соңды біздің жігіттер бұл сынға қатысып көрмеген болатын.
ақпарат көзі kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




