«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Астана арландары» жекпе-жекке сақадай сай

«Астана арландары»  жекпе-жекке сақадай сай
ашық дереккөз
«Астана арландары» жекпе-жекке сақадай сай

IMG_9750Тараз қаласындағы Достық үйінің мәжіліс залында Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) жобасының жетінші маусымының топтық кезеңіндегі «Астана арландары» мен «Patriot Boxing Team» клубтары арасындағы жекпе-жек алдында БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. Мәжілісте облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Гамлет Қайнарбеков бүгін сағат 18.00-де «Тараз-Арена» спорт сарайында өтетін бокс мерекесіне барлық дайындық жұмыстары жүргізілгенін, қауіпсіздігі қарастырылғанын, кешен жарыс өткізуге сақадай сай дайын екенін жеткізді. Келесі сәтте аталған жобаның супервайзері Пелмут Ранзе, «Астана арландары» клубының менеджері Саят Әбілдин тараздықтарды тамаша бокс кеші күтіп тұрғанын айтып өтті. Сондай-ақ, «Астана арландары» клубының бас бапкері Нұрлан Ақүрпеков осы жекпе-жектің Таразда өтуіне ықпал еткен, қолұшын берген облыс әкімдігіне, облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысына алғысын білдіріп, кездесуге командасы дайын екенін айтып, ертең рингке шығатын боксшыларды таныстырып өтті. «Patriot Boxing Team» клубының бас бапкері Губер Жапаров тыңғылықты әзірлікпен келгендерін айтып, командасындағы боксшыларды таныстырып, олардың дәрежелеріне де тоқталды. Ресей құрамасы сапында да әлемдік деңгейде бағы жанып жүрген талантты боксшылар бар. Сондықтан мамандар тарапынан бұл жекпе-жек екі клуб үшін де оңайға соқпайды, аса тартысты өтеді деп күтілуде. Мұнан соң екі тараптағы боксшылардың салмақ өлшеу рәсімі өтті. Бұдан кейін жарысты ұйымдастырушылар және екі клубтың бас бапкері журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жан-жақты жауап берді. Сонымен, бүгін Тараз төрінде бокс кеші өтеді. Шаршы алаңда жекпе-жек өткізетін оғландарымызға тек жеңіс тілейміз!

Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар