тоғызқұмалақ, шахмат және дойбы ойындарынан жарыс өтті
Ұлыстың ұлы күніне орай тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы ойындарынан облыс чемпионаты өтті. Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы мен дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының ұйымдастыруымен өткен жарыста аталмыш клуб мүшелері Тараз қаласы, Т.Рысқұлов, Байзақ, Жамбыл аудандарынан келген барлығы 26 көру қабілеті төмен жасөспірімдер мен жас спортшылар бақтарын сынады. Чемпионатты дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының директоры, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Саттар Бейсембаев ашып, ойыншыларға сәттілік тіледі. Тартысты өткен жарыс нәтижесі бойынша тоғызқұмалақтан ұлдар арасында Бахтияр Аспандияров І орынды жеңіп алса, Нұрсұлтан Айтжанов ІІ орыннан, ал Аңсар Баймұратов ІІІ орыннан көрінді. Қыздар арасында тоғызқұмалақтан І орынды Аружан Ноғаева, Мадина Игілікова ІІ, Аружан Кутубай ІІІ орынға лайықты деп табылды. Ал шахмат ойынынан ұлдардан Самат Сейілхан І орынды, Ерлан Сүлейменқұлов ІІ орынды иеленсе, қыздар арасынан Шұғыла Дүйсенбекқызы І орын, Сая Жуас ІІ орынды қанжығалады. Дойбы ойынынан ұлдар арасынан Арман Туғанбай жеңімпаз атанып, Ақжол Бектұрған ІІ, Дарын Рахатұлы ІІІ орын биігінен көрінді. Қыздар арасынан Айдана Ізтілеу І, Сара Сапарәлі ІІ, Диана Сұлтанбек ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен медальдар табыс етілді.
Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




