6-13 наурыз аралығында ЕҰУ-де парламент депутаттары, ғалымдар, сала мамандарынан жасақталған арнайы комиссия мыңнан астам оқулық, әдістемелік құрал, мектепке дейінгі тәрбие құралын сараптамадан өткізді. Талқылауға 120-дан астам маман қатысты.
«Тарихта алғаш рет Пәндік комиссияның құрамы 40 адамға дейін кеңейтілді. Бұған дейін не бары 13 адам жабық түрде өткізіп, өздерінің шешімдерін жариялайтын. Осы жолғы комиссия құрамында әр өңірден келген ұстаздар, мектеп директорлары, ғалымдар, Бірғаным Әйтімова, Бекболат Тілеухан, Жамбыл Ахметбеков т.б. қатарлы Сенат пен Мәжіліс депутаттары болды. Ал кітаптарды, оқулықтарды жарыққа шығару үшін отандық та, шетелдік те баспалар арасынан 12 баспа қатысты» - дейді БҒМ орынбасары Эльмира Суханбердиева.
Негізгі өзгеріс 2, 5 және 7-сынып оқулықтарына енгізілген. БҒМ бұған дейін де біраз реформа жасаған. Олардың қатарында сәттісі де, сәтсізі де болды. Дегенмен бұл жолғы үш сыныпқа қатысты 197 оқулықта қандай бір жағдаймен кемшіліктер болатын болса, оған тікелей министрлік жауап беретін болады. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Ғылыми практикалық оқу орталығының директоры Кәрімова Бибігүл мәлімдеді.
«Жалпы оқулықтар төрт жылда бір рет өзгертіліп отырады. Олар оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып мемлекеттік стандарттар мен бағдарламаларға толық сай әзірленген оқулықтар. Біз 1 жыл бойы 2, 5 және 7 сынып оқулықтарына сараптама жүргіздік. Ал оқулықтағы қателер немесе талғамға сай емес мәтіндер болса, министрлік жауап береді» - деді директор.
Пәндік комиссия бекіткен кітаптар министрліктердің сайтына бекітілді. Оқушылар, ата-аналар, ғалымдар, жалпы кез келген адам оны көріп, талдап, талқылап, өз ұсыныс пікірлерін беруге мүмкіндік бар.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді