Жанкүйер Головкин-Джейкобс жекпе-жегіне 4 миллион теңге бәс тікті

Жанкүйер Головкин-Джейкобс жекпе-жегіне 4 миллион теңге бәс тікті
ашық дереккөз
Жанкүйер Головкин-Джейкобс жекпе-жегіне 4 миллион теңге бәс тікті
Әлеуметтік желіде қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс жекпе-жегіне қойылған чектің суреті жарияланды.

Tennisi.kz букмекерлік компаниясының құмар ойыншысы төрт бәс қойған, оның барлығы Головкиннің пайдасына, яғни төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші раундатрда Головкин америкалық қарсыласын нокаутқа жібереді. Барлығына ол бір миллионнан қойып, төрт миллион теңге жұмсаған.

Головкин төртінші раунда жеңеді дегенге - 9 коэффициент, бесінші раунд - 8 коэффициент, алтыншы раунд - 8 коэффициент, жетінші раунд - 10 коэффициент берілген. Бұл дегеніміз егер GGG төртінші және жетінші раундтар аралығында жеңіске жететін болса, бәс қойған адам ұтысқа кенеледі.  src= Бірақ, букмекерлік компанияның өкілдері бұл чектің не жалған не рас екенін айтпады. Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көпшіліктің назарына ұсынады. Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" және KazSport арналары көрсетеді. Трансляцияның басталуы 19 наурызда 08:00-де.

Ұқсас жаңалықтар