WBC белбеуінде бейнеленді
1963 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) әйгілі жасыл және алтын түстес белбеуі соңғы 37 жыл ішінде біршама өзгеріске ұшырады. Қазақстан Туы мен отандасымыз Геннадий Головкиннің бейнесі бейнеленуі осы өзгерістердің жаңалығы болып табылады. Әлемдік бокс тарихындағы ең мықты былғары қолғап шеберлері – Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Леннокс Льюис, Рэй Леонард, Роберто Дюран, Хулио Сезар Чавес, Ларри Холмс, Виталий Кличко, Марвин Хаглер, Томми Хернс, Оскар де Ла Хойя и Флойд Мэйвезер бейнеленген WBC белбеуінде енді бұл спорттағы жетістіктері үшін отандасымыз Геннадий Головкиннің де суреті орналастырылды. Ендігі кезекте, еліміздің абыройын асқақтатқан Геннадий Головкинге құрмет ретінде еліміздің жалауымен бірге оның бейнесі әлем мықтыларының белбеуінде жарқын көрініс беріп тұрмақ. Еске сала кетейік, 18 наурыз күні Геннадий Головкин өз титулын қорғау үшін америкалық Дэниэл Джейкобспен жұдырықтасады. Айқас Нью-Йорктің Мэдисон Сквер Гарден аренасында өтеді. Жекпе-жек қазақстандық телеарналардан 19 наурыз күні таңертеңгі сағат 08.00-де тікелей эфирден көрсетіледі.
Жанғазы Ахмет, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




