«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қыран құс не алмайды, салса баптап...

Қыран құс не алмайды,  салса баптап...
ашық дереккөз
Қыран құс не алмайды, салса баптап...

Таяуда өткен республикалық бірнеше жарыстарда жамбылдық құсбегілер жүлделі орындардан көрініп, өңір мерейін арттыра түсті. Атап айтсақ, ақпан айының басында Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданында өткен Қазақстан Республикасы ересектер арасындағы чемпионатына Меркі ауданының құсбегілері 2 бүркіт, 1 қаршығаны жарысқа қосып, Бақдәулет Бабажанның қаршығасы І орыннан көрінді. Ал Алматы облысы Есік қаласында өткен құсбегілердің республикалық турнирінде де меркілік 3 бүркіт, 1 қаршыға бабы мен бағын сынады. Нәтижесінде, Берікболсын Бабажанның қаршығасы І орынды жеңіп алса, Серікболсын Жалғасұлының бүркіті ІІІ орыннан көрінген еді. Сондай-ақ, Атырау қаласында құсбегілер арасындағы «Қансонар-2017» республикалық турниріне Меркі ауданынан 1 бүркіт, 1 қаршыға, Жамбыл ауданынан 2 бүркіт, 1 қаршыға қатысты. Тартысты өткен жарыста Жамбыл ауданынан барған Шернияз Бауыржанның баптаған қаршығасы І орынды иеленді. Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы ұлттық спорт түрлерінен «Сонар-2017» құсбегілер арасындағы республикалық турнирінде де біздің құсбегілердің қанжығасы майланып, жүлделі орындардан көрініп қайтты. Түрнияз Бауыржанның баптаған қаршығасы бұл жолы ІІ орынды еншілесе, байзақтық құсбегі Қалихан Дауылбаевтың қаршығасы ІІІ орын тұғырына жайғасты.

Жанғазы Ахмет, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар