болмысы бөлек бокс-шоуды жанкүйерлер асыға күтуде
Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) жобасының жетінші маусымындағы топтық кезеңнің төртінші турында кездесетін «Астана арландары» мен «Рatriot boxing team» Тараз төрінде атой салмақ. 18 наурыз күні сағат 18.00-де басталатын кездесуді барша бокс жанкүйерлерімен бірге жамбылдық қалың жұртшылық та асыға күтуде. Кездесуде өнер көрсететін қос команданың жекпе-жектерге қатысатын боксшылары да белгілі болды. Осы күні шаршы алаңға шығатын былғары қолғап иелерінің қатарында өңіріміздің мақтаныштары, команда капитаны Олжас Сәттібаев пен Асланбек Шымбергеновтің де бар екені жамбылдық жанкүйерлердің қызығушылығын арттыра түсті. Сонымен санаулы күн қалған «Астана арландары» мен «Рatriot boxing team» арасындағы кездесуге нақты қатысатын боксшылар кімдер? Тізімге тоқталып өтейік. 52 келіде жерлесіміз Олжас Сәттібаев Вячеслав Ташкараковқа қарсы өнер көрсетсе, 60 келіде Зәкір Сафиуллин Артур Субханкуловпен кездесіп, арландар намысын қорғамақ. Ал 69 келі салмақтағы жерлесіміз Асланбек Шымбергенов пен «Рatriot boxing team» Шахабас Махмудов қолғап түйістірсе, 81 келі бойынша Арман Рысбек Павел Силягинге қарсы барын салмақ. Сондай-ақ, 91 келіден ауыр салмақта Олжас Бұқаев Магомед Омаровпен күш сынасып, өзара кім мықтыны анықтайды. Бұдан бұрын бұл екі команда Мәскеуде кездесіп, жекпе-жек қорытындысы 3:2 есебімен «Арландардың» пайдасына шешілген еді. Егер бұл кездесуде де қазақ боксшылары жеңіске жетсе, плей-офф кезеңіне жолдама алады. Жерлестерімізге жігер беріп, батыр жігіттерге жанкүйер болайық, құрметті қауым!
Жанғазы Ахмет, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




