«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Кәсіби мемлекеттік аппарат құрудың тетігі – кадр іріктеу

Кәсіби мемлекеттік аппарат  құрудың тетігі –  кадр іріктеу
ашық дереккөз
Кәсіби мемлекеттік аппарат құрудың тетігі – кадр іріктеу

Қазақстан – мемлекеттік қызмет саласында едәуір жетістіктерге қол жеткізген ел. Орта Азия аймағында көшбасшы саналады. Бұл – мемлекеттік қызметтің кәсібилігін арттырып, мемлекеттік қызметшілерді іріктеудің нақты қадамдары белгіленген «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың сарабдал саясатының жемісі. Жалпы, елімізде тәуелсіздік алған жылдардан бері мемлекеттік аппарат құру мен кадр саясаты мәселесі назардан тыс қалған емес. Президентіміздің «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында білім жүйесі және кадрларды даярлау мен қайта даярлауды міндеттеуі – соның бір дәлелі. Осы маңызды құжатта айқындалған басымдықтар бойынша мемлекеттік басқару жүйесін демократияландырып, жергілікті өзін-өзі басқару ісін дамытуды сауатты жүзеге асыра алатын кадрлар дайындау міндеті облыс әкімдігінің «мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығына» жүктелген. Орталықта бастапқыда екі ғана дәріс залы бар болатын. 2010 жылы 3 оқу залы барлық талапқа сай, интерактивті тақтамен жабдықталып, екі тест залындағы компьютерлер интернет желісіне қосылды. Соның арқасында білімін жетілдіруші мемлекеттік қызметкерлер кез-келген уақытта жаңалықтар мен жүргізіліп жатқан реформалар туралы тың ақпараттар алу мүмкіндігіне ие болды. Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарындағы 97-қадамының 6-тармағын жүзеге асыру мақсатында жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері үшін өткен жылы Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының сектор меңгерушісі, психология ғылымдарының докторы Лейла Асылбекованың дәрісі арқылы «Талант – менеджмент: мотивация, білім беру және қызметкерлерді уәкілеттеудің (делегирлеудің) заманауи технологиясы» атты екі күндік семинар-тренинг ұйымдастырдық. Орталықтың дәріскерлері де үнемі біліктіліктерін жетілдіріп отырады. Мәселен, Тәттікүл Орынтаева, Гүлмира Сарытай ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында Солтүстік Ирландияның (Ұлыбритания) Ольстерс университетінің профессорлары өткізген «Зерттеу және білім беру (оқыту) әдіснамасы бойынша кейс-стади қолдану» тұрғысындағы семинар-тренингке қатысып, тәжірибе алмасып қайтты. Кәсіпорын директоры, педагогика ғылымдарының докторы Дүйсенбек Әбдраимовтың іскерлігінің арқасында Ұлттық бизнес-рейтинг одағы жүргізген жұмыстарының қорытындысы бойынша біздің орталық жылдың үздік кәсіпорны аталды. Орталықта штат бойынша дәріскерлер жоқ. Штаттан тыс 50 дәріскер тұрақты сабақ жүргізеді. Оның екеуі ғылым докторы болса, үшеуі ғылым кандидаты. Былтыр қайта даярлау курстарында тапсырыс бойынша 466 мемлекеттік қызметшіні оқыту көзделген еді. Дегенмен, іс жүзінде 418 мемлекеттік қызметші оқудан өтті. Өткен жылы тапсырысқа сай аудан, басқарма, аумақтық департаменттердегі 817 мемлекеттік қызметшіні оқыту жоспарланған болатын. 964 тыңдаушыға 34 семинар ұйымдастырылды. «Жергілікті өзін-өзі басқару жұмысының негізгі бағыттары. Бюджетті жоспарлау мен орындау. Коммуналдық меншікті басқару» атты 24 сағаттан 4 кезеңдік семинар ұйымдастырылып, оған 136 әкім тартылды. Жалпы, біліктілігін арттыру семинарында әкімдермен бірге 1100 тыңдаушы сертификатқа ие болып, 418 адам куәлік алды. 1518 қызметші білімін жетілдірді.

Қалдыбала Шымырова, облыс әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығының бөлім меңгерушісі.

Ұқсас жаңалықтар