облыс төрін бокс мерекесіне айналдырады
Алдағы сенбі тараздықтар үшін спорт мерекесіне айналғалы тұр. Бұл күні қалың жанкүйер жұрт «Тараз-Арена» спорт кешеніне беттейтіні анық. Себебі тараздықтар Бүкіләлемдік бокс сериясы бойынша еліміздің намысын қорғап жүрген «Астана арландары» клубының кезекті ойынын көгілдір экраннан емес, көрермендер залынан тамашалауға мүмкіндік алды. «Астана арландары» сапында жамбылдық жігіттердің де өнер көрсететіні белгілі. «Жалпы, арнайы талаптарға сәйкес жекпе-жектер тізімі жарысқа үш күн қалғанда анықталады. Дегенмен осы жамбылдық жігіттер аталған команданың абыройы артуына зор үлес қосып жүр. Ол жағын да ескеретін боламыз», – деді бас бапкер Нұрлан Ақүрпеков. Сондықтан 18 наурыз күні «Тараз-Арена» сарайына барып, өз командаңызға, жерлес боксшыларға жанкүйер болыңыздар. «Астана арландары» клубы алғашқы ойында ресейліктерді өз рингінде ұтып келгені белгілі. Жерлестеріміздің бұл жолы да жеңіске жетеріне сеніміміз мол. Жарқын жеңістерге жанкүйерлер қиқуының да ықпалы мол екені анық. Ендеше, сенбі күні «Тараз-Аренадан» табылыңыздар, тараздықтар!
Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




