Головкин – Джейкобс. кім мықты?
19 наурызда Нью-Йорк қаласындағы «Мэдисон Сквер Гарден» кешенінде WBA, IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы, америкалық боксшы Дэниел Джейкобс жекпе-жегі өтетіні белгілі.
Айта кетерлігі, рингте бірде-бір рет жеңіліп көрмеген Геннадий Головкин шаршы алаңда 36 жекпе-жек өткізіп, 33-ін нокаутпен аяқтаған. Отандасымыз 2014 жылдың маусымынан бастап WBA нұсқасы бойынша суперчемпион, 2011 жылдан бастап IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы, 2015 жылдан бастап IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы дәрежелеріне ие. Ал 2016 жылы Сауль «Канело» Альварестің жекпе-жек өткізуінен бас тартқаннан кейін WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды.
Қарсыласы Дэниел Джейкобс – орта салмақ дәрежесіндегі WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы және NABF нұсқасы бойынша Солтүстік Америка чемпионы. Кәсіби рингте 33 жекпе-жек өткізіп, тек бір рет қана жеңілістің ащы дәмін татып көрген. Америкалық боксшыны ресейлік Дмитрий Пирог нокаутқа жіберген болатын.
Бұл жекпе-жек Геннадий Головкиннің WBA (Super) нұсқасы бойынша суперчемпион титулын 17-рет қорғауы болмақ. Қазіргі уақытта боксшылар бернеше айға созылған дайындықтарын пысықтап, жекпе-жекті күтуде.
Қуанышты жаңалық – WBA белдігіндегі белгілі боксшылардың қатарына Қазақстан Республикасының Туы мен Г.Головкиннің бейнесі салынатын болды.
Отандасымыздың бұл жекпе-жегін «Қазақстан» Ұлттық арнасы мен «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция 19 наурызда сағат 08.00-де басталады.
Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




