Бүгінде Польшадағы «Корона» клубында өнер көрсетіп жүрген қазақ футболшысы Абзал Бейсебеков жаңа командасы үшін алғашқы голды соқты. Нақтырақ айтсақ, Абзал Польша чемпионаты екінші кезеңінің алтыншы турында мергендігімен көзге түсіп отыр.
Бұл кездесуде «Корона» «Ягеллония» командасына қарсы ойнап, 0:3 есебімен ұтылып жатқан. Екінші таймда Абзал Бейсебеков есепті қысқартып, командаластарына серпін берген. Соның нәтижесінде матч тең аяқталды. Есеп – 4:4. Абзал Бейсебеков тоқсан минутты түгел алаңда өткізді. Ал, осы клубтан шақырту алған «Шахтер» шабуылшысы Сергей Хижниченко алаңға ойынның 88-ші минутында шықты. Абзалдың трансферлік құқығы «Астана» командасына тиесілі. Ол бір жылға «Коронаға» жалға берілген.
Ардақ Үсейінова,
"Ақ жол".
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




