Павлодарда 18 әйел - такси жүргізуші

Павлодарда 18 әйел - такси жүргізуші
ашық дереккөз
Павлодарда 18 әйел - такси жүргізуші

Павлодар қаласындағы ірі таксопарктердің бірі «777» орталығында 18 әйел адам бала күтумен қатар такси жүргізуші қызметін атқаруда.

«Бұл жұмысты істеп жүргеніме үш жылдан асты. 11 жастағы бір қызым бар. Такси жүргізуші менің қосымша кәсібім. Негізі балалар ойыншығын сататын сауда нүктем бар. Сондықтан көбіне кешкі сағат 20.00-ден бастап түнге дейін, кейде таңға дейін жұмыс істеймін. Жасым 32-де. Toyota Duet автокөлігімен жүремін. Ең алғашқы жұмыс істеген таксопаркім   "Индрайвер" болатын», - дейді Зарина Шереезданова есімді жүргізуші. Тағы бір сұлу жүргізушілердің бірі Виктория Рыбалко тек күндізгі уақытта жүргізуші болып жұмыс істейді. «Жасым 33-те. Кешкі уақытты жұбайым және екі баламмен өткіземін. Адамдарды көбіне аурухана мен мектептерге жеткізіп саламын. Қызметіме жарты жылдан асты. Темір тұлпарым - Mazda Demio, - дейді ол. Ал, «777» таксопаркі кезекшісінің айтуынша, темір тұлпарды тізгіндеген арулардың саны жыл санап артып келеді.

ақпарат көзі: kazinform.kz

Ұқсас жаңалықтар