Венгрия құрамасымен өткен жолдастық кездесуден үлкен жаңалық күткенімізді жасыра алмаймыз. Жанкүйерлердің де ұлттық құрамаға шақырту алған футболшылардың тізіміне қарап осылай ойлағаны анық. Әсіресе, ішкі біріншіліктегі матчтарда ойынынан мін табылмайтын Марат Хайруллиннен, «Шахтердің» капитаны Андрей Финонченкодан, Польшаның «Корона» сапында өнер көрсетіп жүрген Сергей Хижниченкодан бір үміт күткен едік. Бірақ, бапкер Юрий Красножанның көңілінен шыққан ойыншылар сенімді ақтамады. Қазақстан құрамасы «ә» дегенде қорғанысы әлсіз екенін байқатып алды. «Қайрат» командасының қорғаушысы Александр Кислицын көп қателесті. 2:0 есебін еселеп, өз қақпасына гол соққаны болмаса, Германиядан шақыртқан легионер Энгельдің де өз ойыншыларымыздан асып түсетін өнері жоқ секілді. Сондай-ақ, екінші таймда Финонченконы алмастырған тараздық жас футболшы Бауыржан Исламхан, «Тараз» клубының сапына биыл ғана қосылған Алексей Щеткин мен Хайруллиннің орнына алаңға шыққан Асхат Тағыберген ойын мәнерін ептеп өзгертуге тырысты. Дегенмен, жеңіске жету үшін бұл жеткіліксіз еді. Осы ойында жаңа құраммен өнер көрсеткен Венгрия құрамасының жас ойыншыларына Қазақстан құрамасымен болған кездесу кезекті сынақтың бірі болды. Қысқасы, жолдастық кездесуде де жолымыз болмады, таблодағы 3:0 көрсеткіші өзгеріссіз қалды.
Ардақ Үсейінова,
"Ақ жол".
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




