Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 20 жылдық мерекесіне орай, «Тараз – Арена» спорт кешенінде мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиада болып өтті. Тараз қаласы әкімдігі мен қалалық мәслихаттың ұйымдастыруымен өткен спорт додасының ашылу рәсіміне облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков, облыс әкімінің орынбасары Ғали Есқалиев, облыстық мәслихаттың хатшысы Бағлан Қарашолақов қатысты. Жиын барысында Ғ. Есқалиев құттықтау сөзін сөйлеп, қатысушыларға толағай табыстар тіледі.
Тоғызқұмалақ, қол күресі, волейбол, кіші футбол және жүзуден өткен бәсекеде жалпы командалық есеп бойынша Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі оза шауып, бірінші орынды иеленді. Талас аудандық мәслихатының аппараты екінші орынға жайғасса, Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі үшінші орынды қанағат тұтты.
Назгүл Әбушәріпқызы, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




