Спорт және туризм
"Астана Арланс" клубы "Чайна Драгонс" боксшыларын тізе бүктірді
- author «Ақ жол»
- 6 наурыз, 2017
- 541
"Астана Арланс" клубы "Чайна Драгонс" боксшыларын тізе бүктірді
Қазақстандық "Астана Арланс" клубы Дүниежүзілік бокс сериясының жаңа маусымында "Чайна Драгонс" командасын жеңді - деп хабарлайды Vesti.kz. Атырауда өткен кездесу 5:0 есебімен аяқталды. Бірінші жекпе-жекте 49 келіге дейінгі салмақта Теміртас Жүсіпов пен Джунджун Хе жұдырықтасты. Бес раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы басым болды. Екінші жекпе-жекте Ілияс Сүлейменов (56 келіге дейін) Лонг Вангты тізе бүктіріп, есепте еселей түсті. Үшінші жекпе-жекте 64 келіге дейінгі категорияда Ділмұрат Мәжитов Лю Янды төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі бойынша жеңді. Осылайша, қазақстандық команда жеңіске жетті. Айта кетейік, төртінші раундта Мәжитов қарсыласын екі мәрте нокдаунға түсірген, алайда қытайлық спортшы жекпе-жекті жалғастырды. Төртінші текетіресте Сапарбай Айдаров пен Минганг Жао кездесті (75 келіге дейін). Қазақстандық басым түсті - 3:0. Ал соңғы жекпе-жекте Антон Пинчук пен Сергей Новико кездесті. Бұл жұдырықтасуда да "Астана Арланс" мүшесі 3:0 есебімен жеңіске жетті.
ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




