Қазақстанда банктер несие беруді азайтты

Қазақстанда банктер несие беруді азайтты
ашық дереккөз
Қазақстанда банктер несие беруді азайтты

Қазақстанда несиеге сұраныс азайды. Оған себеп өткен жылдың соңында банктердің несие шарттарын қатаңдатқаны. Алдағы уақытта несие шарттары тіпті күшеюі мүмкін. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің кезекті сараптамалық есебінде айтылды.

«2017 жылдың бірінші маусымында қатаң несие саясаты сақталады. Іскерлік белсенділіктің маусымдық бәсеңдеуі аясында несиеге деген сұраныс та төмендемек. Нәтижесінде несие берушілердің жұмысы да бәсеңдейді», делінген зерттеуде.

Сарапшылардың пікірінше, 2016 жылдың төртінші тоқсанында екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) тұтыну және ипотекалық несиенің максималды көлемін азайтып, пайыздық мөлшерлемесін көбейте отырып несие саясатын күшейтті. Оған қоса халықтың төлем қабілетіне деген талаптары да күшейтілді. Бұған себеп болған Ұлттық банктің ЕДБ-ге қарсы ұстанған саясаты.

Несие саясатын қатаңдатуды тоқтатушы фактор ретінде жылжымайтын мүлік бағасының төмендеуі болды. Сонымен қатар кепілзат қоюға да халық құлықты болмады. Қаржы саласының қызметкерлеріне жүргізілген сауалнамаға қатысушылар алдағы уақытта жылжымайтын мүлік пен коммерциялық нысан нарығының әлсірейтінін болжайды.

Респонденттердің 34 пайызы алдағы уақытта пәтер мен үй бағасының аздап арзандайтынын айтады. Сонымен қатар ЕДБ өкілдерінің 24 пайызы іскерлік нысандардың бағасы көп зардап шегетінін алға тартады.

Ал банктердің осыған қарамастан пайыздық мөлшерлемелерін азайтады деп күтуге болмайды. Көпшілік респонденттер алдағы уақытта банк осы мөлшерлемені сақтайтынын айтады. Жалпы, банктердің 17 пайызы алдағы уақытта халықтың материалдық жағдайының төмендейтінін болжаса, 14 пайыз жағдайда несиені уақыты төлей алмауы мүмкін екенін айтады.

Жалпы, ішкі және сыртқы фактолрларды ескере отырып, алдағы уақытта банктердің пайыздық үстемесінің азайтылуы мүмкін еместігі айтылуда.

Ұқсас жаңалықтар