Ағылшын премьер-лигасында ортекедей ойнақтаған
Данияр біләлетдинов «Таразға» ауыса ма?
Жаңа маусымға дайындығын пысықтап жатқан «Тараз» футболшылары құрамына жаңа ойыншыларды қосып жатқанын нөмір сайын хабарлап жүрміз. Дәл қазір «Тараз» футбол клубы жаңа маусымда ойнайтын құрамын жобалап, жариялап та үлгерді. Команда құрамында бірқатар шетелдік легионерлермен қатар жергілікті футболшылар да баршылық. Тіпті, «Тараз» сапында ойнаған сенегалдық легионер Малик Мане түркиялық клубтардың бірімен келісімшарт жасасып жатқанын мәлімдеп, егер келіссөз ойдағыдай нәтиже бермесе басқа командаға емес, тек «Таразға» оралуға ниетті екенін, өзге гу-гу әңгімеге сенбеу қажеттігін айтыпты.
Бізді таңғалдырған тағы бір ақпарат тарап үлгерді. «Тараз» футбол клубының Вконтакте желісіндегі парақшасында «Данияр Біләлетдинов «Тараз» футбол клубына ауысуы мүмкін. Команда бапкері Ваит Талғаев онымен жақсы қарым-қатынаста», – деген мәлімет таратып үлгерген.
Ағылшын премьер-лигасындағы «Эвертон» командасында өнер көрсеткен, Ресейдің «Локомотив», «Рубин» командаларында жасындай жарқыраған Біләлетдинов шынымен «Таразға ауыса ма, жоқ па, ол әзірге белгісіз. Дегенмен, «жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды» деген бар. Андрей Аршавин мен Анатолий Тимощук келген Қазақстан премьер-лигасынан Біләлетдинов та бас тарта қоймас.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




