9 алтын, 11 күміс, 12 қола
Саппородағы қысқы Азиада ойындарында
Қазақстан құрамасы төртінші орын алды
Бір апта бойы Жапония елінің Саппоро қаласын дүбірге бөлеген қысқы Азия ойындары мәресіне жетті. Сары құрлықтың 32 елі топқа түскен бәсірелі додада ел сайыпқырандары 9 алтын, 11 күміс, 12 қола жүлдені иеленіп, жалпыкомандалық есепте төртінші орынға табан тіреді. 27 алтын, 21 күміс, 26 қола медальді қоржындарына салған Жапония құрамасы жалпыкомандалық есепте топ жарса, 16 алтын, 18 күміс, 16 қола жүлдеге қол жеткізген Оңтүстік Корея елінің спортшылары екінші, 12 алтын, 14 күміс, 9 қола жүлдені иемденген Қытай елінің саңлақтары үздік үштікті қорытындылады.
Сонымен Саппоро төрінде қай спортшыларымыз атой салды? Алты бірдей алтын жүлдені әдеттегідей биатлоншыларымыз иеленіп, мерейімізді тасытты. Бір ғана Галина Вишневская сары құрлықтың басты додасында үш бірдей алтын жүлдені мойнына ілсе, ерлер сапынан Ян Савицкий Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы атанды. Сондай-ақ, аралас сында Галина Вишневская, Дарья Усанова, Максим Браун, Ян Савицкий бастаған ұлттық құрамамыз жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, шаңғышы Ринат Мухин, фристайлшы Юлия Галышева және хоккейден ерлер құрамасы тағы үш алтынды жеңіп алды. Бұл тек алтын жүлде иегерлері ғана. Күміс, қола медальді қоржынымызға салған саңлақтарды тізсек, тізім ұзара түсері анық.
Саппородаға аламанда мәнерлеп сырғанау спортының шебері, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, төрт құрлықтың чемпионы, қысқы Универсиада жеңімпазы даңқты Денис Тенге жүлде бұйырмады. Ол өз бағдарламасын ойдағыдай орындай алмады. Дегенмен, Денис алдағы уақытта ел сенімін ақтайды деген ойдамыз.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ауыл спортын дамытуға арналған дода
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді