Әйгілі «Рубиннің» ойыншысы «Таразға» ауысты
Бүгінде премьер-лигаға дайындығын пысықтап, құрамын жаңа ойыншылармен толықтырып жатқан «Тараз» футбол клубының басшылығы Ресейдің «Рубинінде» ойнаған шабуылшы Руслан Мухаметшинмен келісімшартқа отырды.
«Тараз» футбол клубының жетекшілері футболшымен келісімшартты бір жылға жасасқан. 35 жасар Мухаметшин «Рубиннен» бөлек, Туланың «Арсенал» және «Мордовия» секілді командаларда өнер көрсеткен.
Жамбылдық ұжымның басшылығы мұнымен тоқтап қалмақ емес. Қазіргі таңда «Тараз» командасының бапкерлері француздық шабуылшы Умар Диабидің ойынын жіті бақылауда ұстап отыр. 27 жасар француз футболшысы «АГД», «Женет Англе», «Шатору» секілді командалардың құрамында өнер көрсеткен. Кейіннен чехиялық «Кошице», болгариялық «Левски», Шотландияның «Гамильтон» секілді клубтарында өнер көрсеткен екен. Бірнеше голдың авторы атанып үлгерген.
Жаңа маусым басталуға таяу қалды. «Тараз» футбол клубының басшылығы команданың жаңа құрамын қашан таныстырар екен? Премьер-лигаға қайта оралған «Тараз» ағымдағы жылғы маусымда ойдағыдай өнер көрсете ала ма деген сауалдың жауабын білетін күн де алыс емес шығар...
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ауыл спортын дамытуға арналған дода
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді