Тараз шаһарынан шыққан Фируза Мәскеудегі шайқасқа дайын
- author «Ақ жол»
- 26 ақпан, 2017
- 821
Кәсіпқой бокста жүрген жалғыз қазақстандық боксшы қыз, жамбылдық ару Фируза Шарипова төртінші наурызда Мәскеуде кезекті жекпе-жегін өткізеді. Ол қазіргі кезде кіші Флойд Мейвезердің бокс академиясында жаттығу жұмыстарын жүргізуде. Фируза алдағы жекпе-жегінде ресейлік Юлия Чернобородовамен қолғап түйістіреді. Жеңіл салмақтағы ресейлік спортшы болашағынан үлкен үміт күттіретін боксшылардың бірі көрінеді. Ол туралы Фирузаның менеджері Сергей Завилейский: «22 жасар Юлия болашағы зор боксшы. Ол қазіргі таңда өзінің нағыз спорттық бабына келді деп ойлаймын. Әрі жас, әрі талантты боксшымен рингте шайқасу Фируза үшін әрине оңайға соқпасы анық. Дегенмен, Фирузаның да функционалдық, физикалық тұрғыда кез-келген қарсыласқа дайын екенін ескерсек, алынбайтын асу, бағынбайтын биіктік жоқ екенін түсінеміз. Бұл бір керемет жекпе-жек болғалы тұр», – деп өз ойын білдірді. Тараздан шыққан талантты боксшы Фируза Шарипова әйелдер арасында кәсіпқой бокстан әлем чемпионы атанған алғашқы қазақстандық спортшы болғысы келетінін ұдайы айтып жүр. Ол сондай-ақ, Астана қаласында халықаралық «ЭКСПО – 2017» көрмесінің аясында өтетін бокс кешінде өнер көрсеткісі келетінін де жасырмайды. Біз Фирузаға сәттілік тілейміз.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




