Қанат Бозымбаев жаңа қызметке кірісті

Қанат Бозымбаев жаңа қызметке кірісті
ашық дереккөз
Қанат Бозымбаев жаңа қызметке кірісті

Бүгін Астана қаласында Халықаралық қазақ күресі федерациясының құрылтай конгресі өтті.

Конгресс барысында төл күресіміздің жаңа халықаралық ұйымы құрылып, басшылық органы сайланды. Жиында 35 елдің өкілдері бас қосты.

Конгресс барысында Халықаралық қазақ күресі федерациясының жарғысы бекітіліп, басшылығы сайланды. Оған қоса қазақ күресін алдағы төрт жылда дамыту жұмыстарының жоспары қабылданды.

Жаңадан құрылған Халықаралық қазақ күресі федерациясының президенті болып ҚР энергетика министрі, Қазақ күресі федерациясының құрметті президенті Қанат Бозымбаев сайланды. Қанат Алдабергенұлын конгреске қатысушылар бірауыздан қолдады.

ақпарат көзі: Baq.kz

Ұқсас жаңалықтар