Қанат Ислам қарсыласын небәрі екі минутта сұлатып салды
- author «Ақ жол»
- 21 ақпан, 2017
- 615
содан соң Канелоны кезекті шайқасқа шақырды
Кәсіпқой бокс әлемінде «Қазақ» деген лақап атпен танылған қазақстандық боксшы Қанат Ислам кәсіби мансабындағы жиырма үшінші жеңісін тойлады. Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы WBA fedelatin және WBO құрлықаралық белбеуінің иегері екені белгілі. Ол соңғы шайқасында бразилиялық Робсон Ассипен жекпе-жекке шығып, қарсыласын бірінші раундтың екінші минутында нокаутқа түсірді. Кездесуді белсенді бастаған Қанат Ислам қарсыласын ә дегеннен қыспаққа алды. Кезекті шабуылдың бірінде қарсыласымен басы соқтығысып, маңдайы жырылған сайыпқыранымыз мәселені ұзаққа созбастан кезекті жеңісіне қол жеткізіп, шайқастан соң үлкен жекпе-жектерге дайын екенін білдірді. «Менің демеушім Бауыржан Оспанов ағама алғысым шексіз. Бапкерлеріме де мың алғыс. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО аясында жазда Астанада өтетін үлкен бокс кешіне шақырып отыр. Қуаныштымын. Мен үлкен жекпе-жектерге дайынмын, қайдасың Канело, қайдасың Котто?» – деді ол өзіне сенімді екенін аңғартып. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Сауль Канело Альварес WBO тұжырымы бойынша бірінші орта салмақтың чемпионы саналады. Ал Қанат Ислам аталмыш тұжырым рейтингінде үздік бестікке енген.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




