Моңғолия 50 мыңдық банкнотты айналымға шығарды

Моңғолия 50 мыңдық банкнотты айналымға шығарды
ашық дереккөз
Моңғолия 50 мыңдық банкнотты айналымға шығарды

Әр мемлекеттің өзіндік тәуелсіздігімен қатар жүретін негізгі ерекшеліктері болады. Әнұран, Елтаңба, Ту деген секілді. Солардың қатарында ел егемендігінің белгілерінің бірі іспетті – мемлекеттің төл ақшасы да болады. 1921 жылдан бері төл теңгесін айналымға салып келе жатқан Моңғолия бүгіннен бастап 50 мыңдық банкнотты пайдалануға қосты.

Моңғолия бұған дейін 20 мыңдық банкнотты айналымға енгізген болатын. 2006 жылы пайдалануға берілген банкнот бұған дейін ең ірі ақша бірлігі болып келген болатын.

Бұл елде 50 мыңдық банкноттың шығатыны жайлы қауесет 2007 жылдан бастап тарай бастаған. Әр мемлекеттің даму көрсеткіші банкноттың бірлік көлемімен өлшенетінін ескерсек, Моңғолияның ішкі жалпы өнімінің қай деңгейге жеткенін байқауға болады.

Бүгінде Моңғолияда 1 доллардың құны 2400 төгрөгтен асып кетті. Ал қазақстандық 1 теңге – 7,8 төгрөг болады.

Естеріңізде болса, өткен жылдан бастап Қазақстан да 20 мыңдық банкнотты айналымға шығарған болатын.

ақпарат көзі. Baq.kz 

Ұқсас жаңалықтар