Спорт және туризм
«Астана арландары» «Өзбек жолбарыстарымен» айқасады
- author «Ақ жол»
- 16 ақпан, 2017
- 671
«Астана арландары» «Өзбек жолбарыстарымен» айқасады
Бүкіләлемдік бокс сериясының жетінші маусымын Ресейде жергілікті боксшыларды жеңіп, сәтті бастаған «Астана арландары» командасы 18 наурызда Талдықорғанда «Өзбек жолбарыстарын» қабылдайды. Кездесуде С2 салмақ дәрежесіндегі оғландар бақ сынайды.
Бүгінде маңызды кездесуге дайындықты пысықтап жатқан қазақстандық команда боксшыларына деген сенім мол.
Біз спорт сайттарынан аталмыш шайқаста кімдер команда намысын қорғайтынын таба алмаған соң, команданың жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпековке хабарласып, мән-жайды білген едік.
«Шыны керек, әлі ешкімге ақпарат берген жоқпын. Соңғы сәтке дейін қарсыластарға сыр алдырмасақ деп ойлап отырмын. Олар білмесе дұрыс болар еді. Ал өзбектердің құрамын сұрасаң айтар едім», – деп сөз саптаған Нұрлан Ақүрпеков бізге «Астана арландарының» дайындығы туралы айтып берді.
Естеріңізге сала кетейік, бірінші кезеңде өзбекстандық өрендер сырт алаңда Қытай боксшыларына жол берген.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




