«Тұмар» телевизиялық бәйгесінен тыс қалмаңыз

«Тұмар» телевизиялық бәйгесінен тыс қалмаңыз
ашық дереккөз
«Тұмар» телевизиялық бәйгесінен тыс қалмаңыз

Ағымдағы жылдан бастап тұңғыш рет бірінші «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесі ұйымдастырылмақ. Байқауды еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен «Қазмедиа орталығы» қолға алып отыр. Шараның мақсаты – еліміздің ең сапалы және өзекті өнімдерін айқындау арқылы отандық сапалы телевидениені дамыту, өнім жасай алатын талантты кәсіби мамандарды қолдау болып табылады. Додаға өткен жылы эфирге шыққан телевизиялық ерекше жобалардың қатысу мүмкіндігі мол. Жалпы, ұйымдастырушылар бәйгеге қатысушылар ағымдағы жылдың 24 ақпанына дейін аймақтық телекомпаниялар мен продюсерлік орталықтар, медиа өндіріс ұйымдары өтініш жолдай алатынын айтады. «Тұмар» жүлдесі (статуэтка) 12 аталым бойынша беріледі екен. Олардың санатына «Үздік деректі кино», «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік ақпараттық бағдарлама», «Үздік ақпараттық-сараптамалық бағдарлама», «Үздік музыкалық бағдарлама», «Үздік ток-шоу», «Үздік телевизиялық сериал», «Үздік әзіл-сықақ бағдарламасы», «Телевизиялық маусымның үздік жобасы», «Үздік аймақтық-ақпараттық бағдарлама», «Үздік аймақтық әлеуметтік бағдарлама», «Телевидениенің дамуына қосқан үлесі үшін» аталымдары жатады. Жаңадан бастау алып отырған бұл бәйгеге қатысқыңыз келсе, межелі мерзім ішінде өтінім жолдауларыңыз керек. Ендеше, еліміздегі алғашқы телевизиялық бірегей бәйгеде бақ сынауға асығыңыз!

Т. Мұсылманқұл, журналист.

Ұқсас жаңалықтар