«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Балғын демесең, бұлар да балуан

Балғын демесең, бұлар да балуан
ашық дереккөз
Балғын демесең, бұлар да балуан

«Тараз-Арена» спорт кешенінде 2000-2001 жылы туған жасөспірім ұл-қыздар арасында дзюдо күресінен ел біріншілігі өткізілді. Еліміздің 14 облысынан және Алматы, Астана қалаларынан кілең «сен тұр, мен атайын» сайыпқырандар қатысып, бақ сынаған Қазақстан Республикасы чемпионаты жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Дода барысында жамбылдық жасөспірім өрендер жақсы нәтижелерімен көзге түсіп, жанкүйерлерді марқайтып тастады. Қыздар дуында 44 келі салмақтағы Аяулым Қуанышева, 48 келідегі Сандуғаш Сейдіш, 52 келідегі Рауза Нұрмұхамметова татамиде жоғары деңгейде күресіп, қола жүлдегер атанды. Ұлдар арасындағы бәсекеде де жерлестеріміз жасындай жарқырай білді. Атап айтсақ, 50 келі салмақ дәрежесінде белдескен Асылжан Болатбек, 81 келі салмақ дәрежесінде топқа түскен Ізбасар Ералиев, 90 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Мұхаммед Көбегенов ел чемпионатының қола жүлдесіне қол жеткізсе, 60 келідегі Нұрзат Сәлімбаев, 66 келі салмақтағы Данияр Ұлданбек, 73 келі салмақ дәрежесіндегі Нұрбек Ортай, +90 келі салмақта татамиге шыққан Сұлтан Серікбаев ақтық сында ғана қарсыластарына есе жіберіп, күміс жүлдені мойындарына ілді. Ел чемпионатында қарсыластарының бәрін алып та, шалып та жыққан тағы бір өреніміз, 55 келі салмақ дәрежесіндегі үмітіміз Алмас Уәли біріншілік жеңімпазы атанып, мерейімізді үстем етті. Осылайша Оразәлі Ермекбай мен Фарида Тастекова баптайтын жамбылдық балуандар ел біріншілігін толайым табыспен аяқтап, болашағынан үлкен үміт күтілетіндіктерін дәлелдеді.

Элеонора Жайнақ, ТарМУ-дың студенті.

Ұқсас жаңалықтар