28-ші қысқы Универсиадада Қазақстан қоржыны тағы да алтын жүлдемен толықты. Бұған дейін биатлоншыларымыз бен фристайл спортының шеберлері алған алтын медальдар санын шаңғышы Иван Люфт біреуге арттырды. Шаңғышылар спринтінде ақтық сынға ілінген қазақстандық шаңғышы алтын медаль алады деп ешкім күткен жоқ болатын. Әр жарыста бір жаңалық болып тұратыны секілді Иванның бұл жеңісі де жанкүйерлер үшін үлкен қуаныш, өзі үшін толайым табыс екені сөзсіз. Иван Люфтке дейін қыздар арасындағы додада Анна Стоян қола жүлде иеленіп, мерейімізді тасытқан болатын. Иванмен бірге жарыс жолына шыққан тағы бір қазақстандық шаңғышы Олжас Климин жүлдеге іліге алмады. Ол бар болғаны төртінші нәтиже көрсетті. «Айтарға сөзім жоқ. Бұл күн мен үшін ерекше қуанышқа толы екені анық. Ақтық сынға «лаки кузер» есебінде (күтпеген спортшы) шықтым. Жүлде алуға ешқандай да үмітім болған жоқ. Күтпеген жерден тамаша нәтиже көрсетіп, чемпион атанып отырмын. Керемет сезімді бастан кешіп тұрмын. Еңбекпен қатар бұл күні сәттілік те маған серік болған сияқты. Бұл жеңісімді менің спортшы ретінде қалыптасуыма үлкен ықпал еткен жаттықтырушыларыма арнаймын. Күтпеген жүлде деп отырғаным, мен спринттен гөрі (қысқа қашықтық), алыс қашықтықта бақ сынағанды ұнатамын. Барлық спортшыларымызға табыс тілеймін», – дейді Иван тілшілерге берген сұхбатында қуаныштан жүзі бал-бұл жанып.
Табиғат АБИЛДАЕВ, "Ақ жол".
Ұқсас жаңалықтар
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ауыл спортын дамытуға арналған дода
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді