Елбасымыздың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын облыстық «Ақ жол» газетінен оқып, көңілге көп нәрсе түйдім. Биылғы Жолдаудың әрбір сөзі, әрбір сөйлемі, елдік мүддеге жауап беретіні айқын аңғарылады. Өйткені, мемлекет дамуының нақты бағыттары айқындалып, негізгі міндеттер белгіленген бас құжатта өнеркәсіп, дербес инвестициялық стратегия қалыптастыру, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті дамыту, білім, ғылым, әлеумет, денсаулық сақтау саласын ілгерілету секілді ел болашағының кепілі боларлық барлық саланы жетілдіре түсу тетіктері егжей-тегжейлі баяндалыпты. Осындай ел әлеуетін арттыруды көздейтін мәселелердің шешімі айқын көрініс тапқан Жолдау сонысымен құнды. Бұны Ұлт Көшбасшысының көрегенділігі деп білемін.
Президентіміздің биылғы Жолдауында да білім және ғылым саласын дамытуды назардан тыс қалдырмаған. Соның ішінде Ұлт Көшбасшысы Үкіметке үш тілде оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырып, қазақ тілінің басымдығы сақталатынын, оның әрі қарай дамуына баса көңіл бөлінетінін атап көрсеткен. Негізінен, қазіргідей жаһандық заманында әрбір қазақстандыққа ағылшын тілін меңгеруі керек. Себебі, адамзат атаулының ортақ тіліне айнала бастаған ағылшын тілін әлемдік тіл деп мойындайтын кез жетті. Оны тіпті, бизнес тілі десек те артықтық емес. Дегенмен, орта білім беретін мектептерді ағылшын тілінде оқытуға көшіру заман талабы. Елбасымыздың Жолдауда қазақ тілінің басымдығы сақталатынын айта келе: «Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90 пайыз ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды. Мектептердің және мұғалімдердің деңгейі, әсіресе ауыл мен қалада әртүрлі. Білікті педагогтардың жетіспеу проблемасы да бар. Сондықтан, осының барлығын ескеріп, ағылшын тілін кезең-кезеңмен енгізуіміз керек», – деуінің сыры осында жатыр.
Гүлжаһан Тұрғанқызы, А. Байтұрсынұлы атындағы гимназияның бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі орынбасары.
Талас ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді