Конькимен құстай жүйткіген спортшыларымыздан үлкен үміт күтіп отырғанымыз анық. Солардың бірі 3000 метр қашықтықта жарыс жолына шыққан Татьяна Климчук болатын. Климчук дода барысында жақсы қырынан көрінді. Ә дегеннен алдыға тұра ұмтылған қазақстандық спортшы мәре сызығын алғашқы үштіктің қатарында аяқтайды деп ойлаған едік. Алайда, Климчук уақыт өте келе жүрісінен жаңыла түскендей болды. Қарсыластар адымдап алдыға ұзай түсті. Ал, Таня оларды қуып жетуге қанша талпынғанымен, қарсыластары мықты екен. Нәтижесінде қазақстандық спортшы бар болғаны бесінші орынға орнықты. Бұл қашықтықта беларусьтық спортшы Марина Зуеваға ешкім тең келмеді. Ол қарсыластарынан оқ бойы озық шығып, алтын жүлдені мойнына ілсе, күміс медальді жапон қызы Нана Таканаши иеленді. Ал қола жүлде ресейлік Елена Сохрякованың қанжығасында кетті.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, "Ақ жол".
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




