Былтыр облыс аумағында 708 өрт оқиғасы тіркеліп, салдарынан 18 адам қаза тауып, 18 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Материалдық шығын 111 миллион 306 мың 690 теңгені құрады. 2015 жылмен салыстырғанда, өрт саны – 3,2, өрттен жарақат алғандар саны – 18, материалдық шығын 7,6 пайызға төмендеп, ал өрттен қаза болғандар саны 63,6 пайызға өскен. Өрт санының Т.Рысқұловта – 6,4, Меркіде – 74, Талаcта – 13,3, Жамбылда – 12, Байзақта – 32 және Шу ауданында 10,5 пайызға өскені байқалуда. Өрттің басым бөлігі электр жабдығын құрастыру және техникалық пайдалану қағидаларын бұзушылық салдарынан орын алған. Мұндай 226 оқиға тіркеліп, жалпы облыс бойынша өрт санының 32 пайызын құраған. Сондай-ақ, өрт шығу дерегінің от жағудағы абайсыздықтан орын алғаны – 197, балалардың отпен ойнауынан болғаны – 141, анықталған қасақана өртеулер – 74. Сонымен қатар, пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзушылық бойынша 39 оқиға тіркелген. 452 өрт тұрғын үй секторы мен саяжай алқаптарында орын алып, 55 миллион 128 мың теңге сомасында материалдық шығын келтіріліп, бұл сәйкесінше 63,8 және 49,5 пайызды құраған. Соның салдарынан 13 адам қаза тауып, 16 адам жарақат алды. Тұрғындардың қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауының соңы қайғылы жағдайларға ұрындырып жатады. Отпен қарым-қатынаста абай болу, ересектердің мас күйінде темекі шегуі, балалардың отпен ойнауы, тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, электр жабдығын құрастыру, техникалық пайдалану қағидаларын бұзу, тағы басқа да еренсіздіктердің орын алуынан «тілсіз жау» ойда жоқта бұрқ ете түсері әрдайым есте болсын. Бұдан басқа, пәтерлер мен тұрғын үйлерді тез жанғыш заттармен, синтетикалық бұйымдармен және әртүрлі тұрмыстық техникамен көптеп жабдықтау бір жағынан өрттің туындау мүмкіндігін молайта түседі, ал екінші жағынан синтетикалық заттар жанған кезде улы газдар бөлінетіндіктен, болмашы өрттің өзі адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін айрықша қауіпті. Адамдар қырағылық таныта бермейді, қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін елемейді. Соның салдарынан өздері улы газдың құрбанына айналып, туысқандары мен жақындарын да көрінеу қауіпке итереді. Сіздердің және үйлеріңіздің қауіпсіздігі – өз қолдарыңызда, тұрмыстық газ құралдарын, электр құрылғылары мен жылыту пештерін дұрыс қолдана білулеріңізге де байланысты. Алда-жалда өрт бола қалған жағдайда тез арада «101» немесе «112» телефондарына қоңырау шалуды ұмытпаңыздар!
Есен КЕТЕБАЕВ, облыстық ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы
бақылау және профилактикалық
қызмет басқармасының басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді