Бұл сұмдық Түркия шаруаларының бірінің қорасында орын алған. Басы адам бейнесіне өте ұқсас қозыны көргенде мал дәрігерлері қатты таңданған. Қозының мұрны, аузы және маңдайы адамдікінен айнымайды. Оны туған қойдың буаз кезіндегі уақыты өте ауыр өткен екен. Содан мал дәрігерлері қойдың ішіндегі төлін кесіп алуға мәжбүр болған. Шетелдік ақпарат құралының мәліметіне сүйенсек, қозы өлі шыққан. Оның неліктен адамға ұқсағанын зерттеген ғалымдар себебін айтуға келгенде қиналып отырған жайы бар. Ұсынылған бір дерек, оны туған қойға берілген жем-шөптің құрамында А витамині мол болған дегенге саяды. Қойдың төлінде мұндай құбылыстар қазір көптеп кездесуде. Мамыр айының басында Хорватияда 8 аяқты, ал, Сауд Арабиясында адам басты қозы туған. Сонымен қатар, әлемдегі құбыжық-хайуан саналған балықта да адаммен ортақ әлдебір ұқсастықтар байқалған.
Фариза Жорабекқызы, журналист.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




