Жапония Марсқа шағын зерттеу аппаратын жібермек
Жапондықтар Марсты зерттеу үшін 2020 жылға қарай кішігірім және арзан аппарат жасауды көздеп отырғанын хабарлайды. Оның салмағы бар болғаны 140 келі болмақ. Бұл алдыңғы құрылғылардан он есе жеңіл, деп хабарлайды ТАСС агенттігі Yomiuri басылымына сілтеме жасап. Мұндай аппараттың құны да арзан, небәрі 1-2 миллиард иенді құрайды. Әзірге АҚШ, Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері 2020 жылға қарай Марсқа салмағы ауыр зерттеу аппараттарын жіберуге ниеттеніп отыр. Бұл зондтардың біріне жапондық кішкентай аппаратты қондыру жоспарланған. Марс орбитасына шыққан соң ол бөлініп, планетаға жеке өзі қонатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Еңбек нарығында жастардың үлесі артып келе ме?
- 14 мамыр, 2024
Қош келдің, қасиетті Рамазан!
- 8 наурыз, 2024
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді