«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Өлімнен аман қалғанмен, өмірі ойран болған

Өлімнен аман қалғанмен, өмірі ойран болған
ашық дереккөз
Өлімнен аман қалғанмен, өмірі ойран болған

Бұл оқиға 1999 жылдың 19 қыркүйегінде болған екен. АҚШ-тың Остин қаласындағы университеттердің бірінде оқып жүрген 20 жастағы венесуэлалық Жаклин Сабуридо достарымен бірге сауық кешіне бара жатып, жантүршігерлік көлік апатына ұшырайды. Реджинальд Стейфи есімді америкалық студент мас күйінде көлікке отырып, рөлді тізгіндей алмай, Жаклин мен оның құрбылары мінген көлікке соғысады. Екі адам сол жерде тіл тартпай кетіп, екеуі сыртқа шығып үлгерген. Ал Жаклин көліктің ішінде қалып қояды. Өрт шыққанда оның денесін 60 пайызға дейін күйік шалады. Аса жоғары дәрежедегі күйік жарақатына қарамастан, дәрігерлер оны өлімнен арашалап қалған. Бірақ, оның өмірі сол күннен бастап түбегейлі өзгереді. Саусақтарының бәрінен айырылған және беті мен шашы түгелімен күйіп кеткен. Қырыққа жуық хирургиялық ота жасатқанмен, қалпына келтіру мүмкін болмады. Амадео Сабуридо жалғыз қызы үшін бәріне дайын қамқор әке екен. Қиын сәттерде қызының қасынан табылып, қолынан келген көмекті аямады. Әйтсе де, оған осындай кейіпте өмір сүру өте қиын еді. Жаклиннің өмірін ойран еткен қылмыскер Реджинальд Стейфи 2001 жылы сот шешімімен жеті жылға бас бостандығынан айырылып, 20 мың доллар көлемінде айыппұл төледі. Сот отырысынан кейін Жаклиннің адам шошырлық жағдайын көрген Стейфи өзінің жасаған қателігі үшін қатты өкініп, одан кешірім сұрайды. Бірақ, бәрі кеш еді.

Ұқсас жаңалықтар