
Біздің Дәурен, Думандарға жұғысты бола ма?
Стив Джобс – әлемдік бизнестегі аты аңызға айналған тұлға. Оның талантының арқасында әлем жұртшылығы қарапайым пайдаланушы үшін жеке компьютердің не екенін білді. Одан бөлек, компьютерлік анимациялық мультфильмдер индустриясын жасады, әлемге әйгілі iPod сыйлады, сондай-ақ оның басшылығымен Apple компаниясы iPhone коммуникаторын ұсынды.
Джобстың есімі 230-дан астам патенттер мен авторлық куәліктерде жазылып тұрғанмен, ол ешқандай да өнертапқыш болған емес. Оның жылт еткен кейде ақылға қона қоймайтын идеяларды танып-біліп, оларды жүзеге асырудағы таланты ерекше болған. Ол туралы Apple-ді (Эпплді) бірге қалаған досы Стив Возняк: «ол өзінің бүкіл адамзатты соңынан ертетіндігіне үнемі сенген еді», – дейді.
Бірінші әңгіме. Нүктелердің бірігуі

Екінші әңгіме. Махаббат пен айырылысу туралы
Жолым болды, өзімнің сүйікті ісімді ерте таптым. Стив Возняк екеуміз Apple-дың негізін ата-анамның гаражында 20 жасымда қаладық. Біз аянбай еңбек еттік, он жылдан кейін гараждағы екі адамнан Apple 4000 қызметкері бар 2 миллиардтық компанияға айналды. Біз өзіміздің ең үздік туынды Macintosh-ты жасап шығардық, мен жаңадан отызға толдым. Мені Apple-дан шығарып жіберді. Сізді өзіңіз қалыптастырған компаниядан қалай шығарады? ...Бірнеше ай бойы не істерімді білмедім. Өзіме артылған үмітті ақтамай, маған берілген эстафетадан айырылғандай сезіндім. Бүкіл ел алдында масқара болып, тіпті алыс жаққа безіп кеткім де келді. Бірақ бірте-бірте ішкі дүниемді түсіне бастадым, мен әлі де өз ісімді сүйдім. Apple-де болған оқиғалар ағымы өмірімді өзгертті. Менен бас тартты, бірақ менің махаббатым өшпеді. Мен құлай сүйдім. Бәрін басынан бастауға бел будым. Сол уақытта түсінбесем де, бірақ Apple-дан шығуым басымнан өткен ең жақсы оқиға болды. Мол табысқа жеткен адамның мойнындағы ауыртпалық түсіп, істі жаңадан бастаған алаңғасар, жеңіл ойлайтын адам болдым. Ауырпалығымнан айырылып, өмірімнің ең сәтті, ең креативті кезеңін бастадым. Бес жылда NeXT және Pixar компанияларын құрып, ең аяулы әйелге ғашық болып, оған үйлендім. Pixar ең алғашқы компьютерлік анимациялық фильмді шығарып, қазір әлемдегі табысты анимациялық студияға айналды. Ғажайып оқиғалар ағымының бірі Apple NeXT-ты сатып алды. Мен Apple-ға қайтып оралдым. NeXT-та жасалған технологиялар қазіргі Apple-дің өркендеуінің негізі болды. Apple-ден кетпегенде өмірім дәл қазіргідей болмайтын еді, осыған сенімдімін. ...Кейде өмір аямай сынайды, басыңыздан таспен ұрғандай болады. Сенімді жоғалатпаңдар. Маған әрі қарай ісімді жалғастыруға көмектескен жалғыз нәрсе – өз ісіме деген махаббат. Осыған сенімдімін. Сіздерге өзіңіз сүйетін жолды таңдау керек. Бұл жұмысқа да, қарым-қатынасқа да байланысты. Жұмыс адам өмірінің көп бөлігін алады, сол себептен бақытты болудың бір жолы – өз ісіңнің ұлы іс болатынына сену. Ұлы іс жасау үшін – сол істі шын жүректен сүю. Егер өз ісіңізді таппасаңыз, іздеңіз. Бір орында тұрмаңыз. Сүйетін іс тапқанда, сезесіз. Себебі махаббатты сезбей қалу мүмкін емес. Сондықтан іздеңіз, ізденіңіз, міндетті түрде табасыз!
Үшінші әңгіме. Өлім туралы
17 жасар бозбала болғанда мынадай нақыл оқыған едім: «Егер сіз әр күнді өмірдің соңғы күніндей кешсеңіз, күндердің күнінде солай болады». Бұл нақыл маған қатты әсер етті. Сол уақыттан бері мен әр күн сайын айнаға қарап «бүгін өмірімнің ең соңғы күні болса, бүгін жоспарлаған істі жасайтын ба едім?» өзіме сұрақ қоямын. Егер бірнеше күн бойы осы сұрақтың жауабы «жоқ» болса, бір нәрсені міндетті түрде өзгерту керек екенін түсінетінмін. Өлім туралы ұмытпау – мен үшін өмірімде ең қиын шешімдерді қабылдауға көмектесетін құрал. Себебі, елдің сөзі, тәкаппарлық, қателесуден ұялу, қорқу, осының барлығы өлім алдында түкке тұрмай қалады. Өлім туралы ұмытпау – «бір нәрседен айырылып қаламын-ау» деген ойдан алшақтатады. Сізде ештеңе жоқ, сіз жалаңаш қалыптасыз. Жүрек қалауына қарай ұмтылуға себеп те жоқ. 2004 жылы маған ұйқыбезінің қатерлі ісік деген диагноз қойылды. Дәрігерлер рактың осы түріне дауа жоқ және 3 айдан артық өмір сүрмейтініме сендірді. Дәрігерім үйге барып, бар ісімді жөнге келтіруіме кеңес берді. Жөнге келтіру деген – балаларыңа болашақта айтам дегеннің бәрін айтып үлгеру, жөнге келтіру – отбасыңда барлығы жақсы болатынына көз жеткізу, жөнге келтіру – бәрімен қоштасу. Осындай диагнозбен бір күн өмір сүрдім. Кешке қарай мен шалдыққан қатерлі ісікті операция арқылы емдеуге болатыны белгілі болды. Маған ота жасады, қазір бәрі жақсы. Басымнан сол оқиғаны өткергеннен кейін, мен бір нәрсені нақты білемін: ешкім өлгісі келмейді. Жұмаққа барғысы келетін адам да өлгісі келмейді. Бірақ бәрібір, өлім деген – бәріміздің өмір жолымыз аяқталатын пункт. Ешкім өлімнен қашып кете алмайды. Солай болу керек, себебі өлім – өмірдің ең жақсы өнертабысы. Ол – өзгерістің себебі. Ол – ескіні тазартып, жаңаға жол ашады. Қазір «жаңа» деген – сіздер, бірақ сіздер бір күні «ескі» боласыздар. Осындай драматизм үшін кешірім сұраймын, бірақ бұл шындық. Сіздің уақыттарыңыз шектеулі, сондықтан сол уақытты босқа өткізбеңіз. Біреудің өмірін сүрмеңіз. Өзгелердің ойымен өмір кешуге мәжбүрлейтін торға түсіп қалмаңыз. Ешкімге өзіңіздің ішкі даусыңызды бөлуге мүмкіндік бермеңіз. Ең бастысы, өзіңіздің жүрегіңіз бен интуицияңызға сенуден қорықпаңыз! Алпысыншы жылдардың аяғында «The Whole Earth Catalog» («Каталог всей Земли») жастарға арналған журнал шығатын. Сол басылым үлкен идеяларға толы болды. Жастар сүйіп оқитын басылымға айналды. Жетпісінші жылдардың ортасында менің дәл қазіргі сіздер сияқты жас шағымда, Каталогтың соңғы номері шықты. Сол журналдың соңғы бетінде алысқа жетелейтін ұзын жолдың суреті бейнеленген. Ал оның астында «Аш болыңдар, албырт болыңдар» («Оставайтесь голодными. Оставайтесь безрассудными») деген сөз жазылған екен. «Аш бол, албырт бол» мен өзіме үнемі осыны тілейтінмін. Енді сіздерге, институт бітіріп отырған жастарға дәл осыны айтқым келеді. Аш болыңдар, албырт болыңдар!
Ұқсас жаңалықтар
Түркияда тағы да жер сілкінді
- 23 сәуір, 2025
Ақпарат
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді