29 қаңтарда Алматыда Бүкіләлемдік қысқы Универсиада жалауын көтереді. Әлемнің 58 елінен 2 мыңнан астам спортшы қатысатын байрақты додада спорттың 12 түрі қамтылмақ. Қысқы Универсиадаға қазақстандық 191 спортшы қатысып, ел намысын қорғайды. Жамбылдық спортшылар «Тараз-Арена» спорт сарайында Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға қатысушы спортшыларды қолдау акциясын өткізді. Алатау баурайында өтетін айтулы аламанға қатысушыларға қолдау білдіруге келген саңлақтар қысқы Универсиаданың жоғары деңгейде өтетініне сенім білдірді. Шараға жиналғандар алдында Рио Паралимпиадасының чемпионы Зүлфия Ғабидуллина сөз сөйлеп, Елбасының спортқа деген қамқорлығының арқасында жеткен жетістіктерімізге тоқталып, қысқы Универсиадаға қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі. Мұнан соң бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері Ғани Жайлауов, қазақ күресінен әлем чемпионы Дәулет Пахридинов тілектер легін жалғастырып, қысқы спорт додасында ел спортшылары барын салатынын айтты. Тараздағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары флеш-моб өткізіп, патриоттық әндерді шарықтата шырқады. Мұнан соң облыс спортшыларының тілек хаты қызыл-жасыл шарларға байланып, көкке ұшырылды. Осылайша, жамбылдық спортшылар Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға және осы байрақты додаға қатысушы спортшыларға қолдау білдірді.
Табиғат АБАИЛДАЕВ,
"Ақ жол".
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




