
Тараздық бойжеткен бір жылдай ғана өмірі қалған анасын аман алып қалу үшін, бауырының жетпіс пайызын бөліп берді. Цирроз диагнозы қойылған 41 жастағы Жаңыл Мұқашеваның бауыры іріп кеткен. Үш жылдан бері емделіп жүрген әйелдің бармаған жері жоқ. Ақыр аяғында дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін бауырын ауыстыру керек деп шешкен. Осылай, талай аурухананың табалдырығын тоздырып, жанына сауға сұрап жүрген әйелді ажалдан қызы арашалап қалды. 18 жастағы Айсұлу донор болуға өзі сұраныпты. Алматы қаласындағы ауруханалардың бірінде тоғыз сағат бойы жасалған ота сәтті өткен. Бүгінде, пышаққа түскен қос пациенттің де жағдайы жақсы екен. «Өзімді жақсы сезінемін. Осындай қыз тәрбиелеп, өсіргеніме бақыттымын. Анамнан бір тусам, қызымнан екінші рет туып отырмын. Бірақ, ол үшін қатты қорықтым», – дейді өлім аузынан аман қылған Жаңыл Мұқашева. Жалпы, елімізде бауыр ауыстыратын ота шетелдік дәрігерлердің көмегімен үш жыл бұрын қолға алынған. Сол аралықта 30-ға жуық науқас дертіне шипа тауып, ажалдан аман қалды.
Ұқсас жаңалықтар
Халықаралық жастар фестиваліне өтінім қабылдау басталды
- 22 сәуір, 2025
Тоқаев Астана қаласындағы «Жастар» саябағында ағаш екті
- 21 сәуір, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді