Біржан Жақыпов пен Берік Әбдірахманов әуесқой бокстан кетті

Біржан Жақыпов пен Берік Әбдірахманов әуесқой бокстан кетті
ашық дереккөз
Біржан Жақыпов пен Берік Әбдірахманов әуесқой бокстан кетті
Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы мүшелері Біржан Жақыпов пен Берік Әбдірахманов әуесқой бокспен қош айтысты.
49 киллограм салмаққа дейін жұдырықтасқан 32 жастағы Біржан Жақыпов Олимпиада ойындарына үш рет қатысқан (2008, 2012, және 2016) және әрдайым жартылай финалға дейін ғана барды. Оның жетістіктері — 2013 жылы әлем чемпионы, 2005 жылғы әлем біріншілігінде қола жүлде, 2010 және 2014 жылдардағы Азия чемпионатында екі күміс жүлде, Қазақстан чемпионатының бірнеше жүлдесі. Жақын арада Жақыпов өзінің туған жері Шымкент қаласындағы спорт мектебі директорының орынбасары болады деп болжанып отыр. photo_62024 40 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасып келген 30 жастағы Берік Әбдірахманов 2016 жылғы Олимпиадада алғашқы кездесуінде-ақ америкалық Карлос Балдерамастан ұтылып қалды. Ақтаулық боксшының ең үлкен жетістігі 2013 жылы болды. Ол осы жылы Азия чемпионы атанды және Алматыда өткен әлем чемпионатының қола жүлдесінің иегері атанған еді.

ақпарат көзі: egemen.kz

Ұқсас жаңалықтар