«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Антарктида сапары сәтті аяқталды

Антарктида сапары сәтті аяқталды
ашық дереккөз
Антарктида сапары сәтті аяқталды

Оқырман есінде болса, дәл 1 желтоқсан күні Алматы әуе­жайынан  арнайы экспедиция Антарктидаға аттанып кеткен-ді. Араға 42 күн салып «Тәуелсіздік Полюсі» экспедициясы аман-есен Алматы әуе­жайы­на сәрсенбі күні таң алдында ұшып келді.   

Оңтүстік қиырдан өз­де­рі­не аманатталған тап­сыр­ма­­ларды абырой­мен орындап оралған экспедиция мү­­­ше­лерін әдет­те­гідей БАҚ­­ өкілдері мен  экс­пе­ди­ция­­ мүшелерінің ең жа­­қын­­ адамдары қарсы ал­ды. Отандастарымызды та­­ға­т­­сыздана күткендер ар­а­­­сын­­да Қазақстан хал­қы Ассам­­­­­­­блеясы мен Қазақстан­ Ұлт­тық география қо­­ға­­­мы»­ республикалық қо­­ғам­­­дық бір­лестігінің (Qazaq­Geo­graphy) өкілдері бол­ды.

Әуежайға келгендер ко­ман­да көшбасшысы, бел­гі­лі альпинист Мағжан Сағым­баевты, танымал спортшылар Ілияс Ғалымбеков, Юрий Юшин  мен Дәулет Шәріповті қуана құттықтады. Көзі қа­рақ­ты оқырман әу баста экс­­педицияның құрамында 7 адам бар болғанын білсе ке­рек. Антарктиданы бетке ал­ған қазақстандықтардың бір бөлігі 23 желтоқсанда өз мін­деттерін орындап, қайтып келген болатын.

Экспедиция құрамындағы алғашқы топтың мүшесі Арман Баймұхамедов өзде­рі­не жүктелген тапсырмалар­ды тия­нақты түрде жүзеге асы­р­ғанын айтты.

– Біздің топ Алматыға 23 желтоқсанда келіп қон­­­ды. Бұл экспедиция не­гі­зі­­нен ғылыми-зерт­теу жұ­мыс­­та­рымен айна­лыс­қан­ын бі­ле­сіздер. Ал біз­ден кейін са­пар­лары жал­ғасқан, кеше 11 қаң­­тарда ғана Қазақстанға қай­тып оралған топ­қа 16 жел­тоқ­санда ел Тәу­ел­­сіз­дігі той­­ланып жат­қан кезде Мем­­­лекеттік туы­мыз бен Қазақ­­стан халқы Ассам­­б­лея­­­­сының байрағын Ан­тар­­к­ти­даның ең құзар шы­ңы – Вин­сон биіктігіне қадау жүк­­­телген болатын. Ал мен С.Асфендияров атындағы Қа­зақ ұлттық меди­ци­налық уни­верситеті атынан Қазақ­­стан Ұлттық геогра­фия қо­ға­мының мүшесі ретін­де жол­­ға шықтым. Бұл сапар­ға үл­­кен іріктеу жүрген. Жас ға­лым­дар өздерінің зерт­теп жүр­ген ғылыми жо­ба­л­а­ры арқылы ҚазГео ұйым­­дас­­тырған байқауға қа­тыс­ты. Таңдау біздерге түс­ті. Біз­­дер Антарктида құр­лы­ғын­­­д­а микробиолог Әлия Ер­на­заровамен бірге алдын-ала ма­құлданған ғы­лыми жоба­лар бойынша зерттеулер жүр­гіздік. Экс­тремалдық жағ­­дайда атмосфераның адам ағ­­за­­­сына әсеріне қатысты сы­нақ­­­тар жасалды. Бұл сапар өзін өзі толығымен ақтады деп ойлаймын. Қазір өзіміз жи­­наған мәліметтер бойын­ша бірінші есеп бердік. Ақ­пан айының соңына қарай, ат­қарылған ғылыми жобалар бойынша тек ҚазГео-ға то­­лықтай есеп береміз. Сол сияқ­­ты суға қатысты да қы­зық­­ты мәліметтер жиналды. Бұл жоспарда қаралмаған жо­­ба болатын. Мүмкіндігіне қа­­рай мұны да зерттеулерге қо­­су қарастырылуда, – деді эпи­­­­демиолог дәрігер Арман Баймұхамедов.

Сол сияқты экспедиция мү­­шелерінің әрқайсысының өзін­дік ғылыми жұмыстары бар болғанын айта кетелік. Яғ­ни, экспедиция аясында экология, биология және адам физиологиясы бойынша да зерттеулер жүргізілген. Әри­не, айдан астам уақытта адам аяғы тие бермейтін Ан­тар­­­ктида мате­ригінде Қаз­Гео командасы түр­­­лі қиын­­шы­­­­лықтарға төтеп бер­ге­нін мақ­­танышпен атап өт­кен жөн. Әбден шыныққан, ұзақ та қауіпті сапарға ма­шық­тан­ған спортшыларымыз бен жас зерттеушілеріміз осы­ның бәрін еңсерді.

Осылайша Қазақстаннан бас­тау алған «Тәуелсіздік По­люсі» экспедициясы Еуропа мен Оңтүстік Африканы басып өтіп, Чилидің Пунта-Аренас қаласына аялдап, өз­де­ріне бе­рілг­ен тапсырма­лар­ды түгел орындап, ту­ған елге оралды.

ақпарат көзі: egemen.kz

Ұқсас жаңалықтар