СҮЙЕДІ АҒА ӨЗІҢДІ, СҮЙЕДІ ҚАЗАҚ

СҮЙЕДІ АҒА ӨЗІҢДІ, СҮЙЕДІ ҚАЗАҚ
ашық дереккөз
СҮЙЕДІ АҒА ӨЗІҢДІ, СҮЙЕДІ ҚАЗАҚ
Аруақты орын, қашаннан, киелі қазақ, Бітімі бөлек, сыры ерек, сүйегі ғажап! Айдай әлемге танылған адалдығым деп, Сүйеді аға өзіңді, сүйеді қазақ. Табуға бекіп қалайда бір ағат істі, (Алтынға қоспақ ойлары сыналап мысты). Эфирден айтты күпілдеп, газетке жазды, Ізіңе күн-түн, ағатай, шырақ ап түсті. Іздеді ақ тер-көк тер боп «алтын қойманы», Қамыңды іштей қайысып халқың да ойлады. Жаны жомарттың қашанда мұраты асқақ, Жүрегі, Ісі, Ниеті – жарқын ғой бәрі. Жарқын ғой бәрі – жүрген жол, өткен іздері, Халқына шалқып жататын көк теңіз көңілі. Елінің қамын ойлайды ерте де, кеш те, Көркейсін дейді, Жұртына көктем іздеді. Жоғары қойған о баста алтыннан арын, Өзгенің қайтсін қыңыр ой, салқын қабағын, Ұждан мен Ардың әлемдік өлшемі ең өзің, Ұрпақ алдында мәңгілік жарқын жанарың. Аруақты орын қашаннан, киелі қазақ, Бітімі бөлек, сыры ерек, сүйегі ғажап. Айдай әлемге танылған Адалдығым деп, Сүйеді аға өзіңді, сүйеді қазақ!

Темірше САРЫБАЕВ, ақын.

 

Ұқсас жаңалықтар