Қысқы Универсиада алаугерлерінің тізімі анықталды
- author «Ақ жол»
- 12 қаңтар, 2017
- 460
Алматыда жалауы желбірейтін қысқы Универсиаданың басталуына 17 күн қалды. Байрақты бәсекеге әлемнің кем дегенде 55 елінен 2000 спортшы қатысады деп күтілуде. Алатау баурайында өтетін Бүкіләлемдік қысқы Универсиада алауын елімізге белгілі спортшылар алып өтетіні белгілі болды. «Қазинформ» сайты әр облыстан қандай спортшылар мәртебелі алаугер атанғаны туралы ақпаратты таратты. Тізімде біздің облыстың саңлақтары да баршылық. Олардың қатарында дзюдо күресінен әлем және Азия чемпионы, Рио қаласында өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елдос Сметов, бокстан Азия және әскерилер арасында әлем чемпионы, «Астана арландары» кәсіпқой бокс клубы сапында бүкіләлемдік бокс сериясының жеңімпазы Олжас Сәттібаев, дзюдо күресінен әлем кубогінің қола жүлдегері, жазғы Универсиаданың күміс жүлде иегері Айгерім Мұратәлі, қазақ күресінен «Қазақстан барысы» жобасының үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев және республикалық дельфийлік ойындардың күміс жүлдегері Назгүл Әбітаева бар. Естеріңізге сала кетейік, қысқы Универсиаданың алауымен саңлақтарымыз 28 қаңтар күні қала көшелерінде жүгіріп өтпек.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




