ҚР Қаржы полициясына - 20 жыл

ҚР Қаржы полициясына - 20 жыл
ашық дереккөз
ҚР Қаржы полициясына - 20 жыл

6 маусым күні Қазақстанның қаржы полициясына 20 жыл толды.

Қазақстан Республикасы Қаржы полициясының 20 жылдығына орай ведомствоның тарихына, маңызды даталарына көз жүгіртсек.

1994 жылғы 6 маусымда Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қаулысымен Қаржы министрлiгiнiң салық қызметi құрамында Салық милициясы басқармасы құрылды.

1995 жылғы 24 сәуiрде Қазақстан Республикасы Президентінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар Жарлығымен салық полициясы органдарының мәртебесі мен құрылымы одан әрі құқықтық негіз алды. Осы уақыттан бастап салық полициясы деп аталды.

2001 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің таратылған Салық полициясы комитеті мен Салық полициясы академиясының мүлкі мен істерін басқару функцияларын және өкілеттігін берумен Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі құрылды. Қаржы полициясы агенттігіне қаржылық және экономикалық қызмет саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және жолын кесу міндеттері жүктелген.

2003 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» №1255 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігі Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) болып қайта ұйымдастырылды.

2005 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігін (қаржы полициясы) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде қайта ұйымдастыру туралы №1521 Жарлығына қол қойылды.

2011 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің № 164 Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы кәсіби және басқа мейрамдардың тізіміне 6 маусым – Қаржы полициясының күні енгізілді, делінген ақпаратта.

Ақпарат көзі: www.bnews.kz.

Ұқсас жаңалықтар