Семей қаласында республикалық техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу орындарының студенттері арасында қазақша күрестен «Колледж Барысы» республикалық додасы өтті. Республикалық ауқымда ұйымдастырылған бұл сайысқа әр аймақтан кілең сайдың тасындай мықтылар жиналды. Облыс намысын қорғау үшін облыстық білім басқармасының «Ғылыми дене шынықтыру орталығының» қолдауымен бұл турнирге Тараз «Парасат» колледжінің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Жамбыл Есіркепов алдын ала іріктеуден өткен студенттерін алып барды. Нәтижесінде 80 келі салмақта белдескен Нұрболат Мырзанов ІІ орын иеленсе, алыптар сынында додаға араласқан Арнұр Жомартбек ІІІ орынға табан тіреді. Бейбіт Ыстыбаев ағасының жолын қуған колледжіміздің мақтанышы Нұрболат пен Арнұр турнирдегі сый-сияпатын «Қазақстан барысы» жобасының жеңімпаздары Мұхит Тұрсынов, Айбек Нұғымаровтың қолынан алды. Қос балуанымыздың әлі талай биікті аларына сенімдіміз.
Дәулеткүл Сейдахова, Тараз «Парасат» колледжінің оқытушысы.
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




