«Тараздың» тізгінін Ваит Талгаев ұстады
Өткен маусымды сүреңсіз өткізген «Тараз» футбол клубы премьер-лигамен қош айтысып, бірінші лигаға түсіп қалғаны мәлім. Жаңа маусымды бірінші лигада бастайтын жерлестеріміздің алдыға қойған басты мақсаттарының бірі – жоғары топқа қайта оралу. Ол үшін тәжірибелі маманның тізгін ұстағаны жөн. Күні кеше ғана «Тараз» футбол клубының бас бапкері тағайындалды. 1996 жылы «Тараз» футболын биікке көтеріп, ел чемпионы атануына сүбелі үлес қосқан жерлес жаттықтырушы Ваит Талгаев қайтадан «Тараздың» тізгінін ұстады. «Атырау» командасымен ел біріншілігінде жақсы нәтижелерге қол жеткізген Ваит бапкер кейіннен «Терек» командасын баптағанын да жақсы білеміз. «Тараз» чемпион атанған жылдан кейін Талгаев жергілікті командаға 2010-2011 жылдары қайта оралып, жерлестерімізді жасыл алаңға бастап шыққан болатын. Бұл Талгаевтың «Таразға» бас бапкер ретінде үшінші рет оралуы. Қайтқан бапкерден қайыр бола ма, Талгаев «Таразды» премьер-лигаға алып шыға ала ма? Бұл сұрақтарға жауапты жаңа маусымда таба жатармыз. Бастысы, Талгаев баптаған командалардың жаманы болған емес. Жақсылыққа біз де сенейік...
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ауыл спортын дамытуға арналған дода
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді